Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

 Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

10107-konurov1_6f89bebf_e60db388Ресми мәлімет  бойынша 2017 жылдың сегіз айында азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен 3,6%-ға қымбаттаған, азық-түлік емес тауарлар – 4,2%-ға, ақылы қызмет – 4 %-ға. Азық-түлік бағасының өсу қарқыны: картоп – 17,3%-ға, қой еті –  12%-ға, сиыр еті – 11%-ға, консервіленген сүт – 8,7%-ға, кондитерлік өнімдер – 7%-ға, жылқы еті – 6,6%-ға, сары май және ірімшік – 6,5%-ға қымбаттаған.

Қазақстанның аграрлық секторы жылдан жылға үлкен мемлекеттік қолдауға ие болады, оның басты мақсаты: саланы дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігі, арзандату мақсатында өнімнің сапасы мен санын арттыру.  Бірақ біз байқап отырғанымыздай қазіргі кезде кері үдеріс жүріп жатыр.  Халықтың шынайы табысы мен сатып алу мүмкіндігінің 2,4%-ға төмендеуі салдарынан қымбатшылық пен азық-түлік қолжетімділігі өзекті мәселеге айналды.

Қазіргі кезде Үкімет азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін күрделі тәсілдерді пайдаланады.   Соның бірі нарықтық әдіс бойынша белгілі өнім түрлерінің бағасын реттеу: тұрақтандыру қорларын құру, жәрмеңкелер өткізу, әртүрлі меморандумдар мен баға келісімі бойынша тексерулер өткізу сияқты әкімшілік шаралар. Соңғы кездері жергілікті жерлер ауыл шаруашылығы кооперациясын белсенді түрде дамытып келеді. Шағын шаруашылықтарды нығайту жағдайында өндірілетін өнімнің өзіндік құны арзандай түседі, жеке сауда нүктелері ашылады, алыпсатарлар нарықтан ығысады және соңғы тұтынушы үшін баға төмендейді. Бұл өте ұзақ және шығыны көп үдеріс, себебі қалалардағы сауда төмен бағаны, тұрақты сапа мен үздіксіз жеткізілімді көздейді.  Мұны тек нарықтың ірі ойыншылары ғана қамтамасыз ете алады, сондықтан бүгінгі таңда нарықтың басым бөлігін импортерлар бақылайды.  Дүкен сөрелерін өздерінің өнімдері үшін жаулап алу бұл – өте қиын және шығынға толы мақсат.

Қолданылып жүрген барлық тәсілдердің талдаулары мен ресми статистикалық мәліметтер ел азаматтарының отандық азық-түлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін күресте сауда мен импортерлардан басқа үдерістің барлық қатысушылары жеңіліп отырғанын көрсетіп отыр. Азаматтар баға өсіміне, ал фермерлер сауданың үстемдігіне шарасыз көнеді, мемлекет үлкен аппараттар мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызмет нарығын тұрақтандыру үшін құрылған әртүрлі пайдасы аз мемлекеттік сыңайлы құрылымдарды қамтып отыр.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында ОҚО-да қазақстандық азық-түлік бағасы 7,3%-ға, Ақтөбе облысында 4,8%-ға, Солтүстік Қазақстан мен Астанада 4,3%-ға қымбаттаған. Тұрақтандыру қорлары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларында жүйелі түрде әртүрлі сыбайлас-жемқорлық схемалары мен жымқыру фактілері әшкереленіп жатыр.  Оңтүстік Қазақстан облысы тұрақтандыру қорында 149 млн. теңгенің кем шығуы мен тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алу барысында «Сарыарқа» ӘКК-ның 471 млн. теңгеге мемлекетке зиян келтіруі бұл – осы түсініксіз құрылымдарға қатысты жанжалдың  бір-екеуі ғана.

Коммунистер Үкімет бағаның қолжетімділігі мен тұрақтандырылуын және қазақстандық азық-түлікке сұранысты қамтамасыз ететін қолданыстағы шаралардың тиімсіздігін мойындауы тиіс деп санайды. ЭЫДҰ елдерінде сынақтан өткен  нарықтық механизмдер бар, олар өндірушілерді өндіруге, ал сауданы және тұтынушыларды отандық өнімді алуға ынталандырады.  Әлемнің дамыған елдерінің сәтті тәжірибелерінің негізінде халыққа азық-түліктік көмек көрсету бағдарламасы кооперациясымен отандық өнімге тұтынушылар сұранысын ынталандырудың мемлекеттік бағдарламасын құрастырып енгізуді ұсынамыз.  Бұл шараны біздің қоғам дұрыс қабылдайды, әкімшілендіруге жұмсалатын бюджет шығынын қысқартады, сыбайлас-жемқорлық қауіпін едәуір төмендетеді және қазақстандық өнімнің  сауда нүктелеріне жолын ашады.

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары                                          

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

К. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

04.10.2017  жылы жарияланды

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика