Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

4 қазан 2017 жылы жарияланды

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Е.А. Досаевқа

Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!

IMG_3155Мемлекет басшысының экономиканы дамыту бойынша сіздің алдыңызға қойған мақсаттарды жақсы түсіне отырып, біз еліміздегі сауда-ақша қарым-қатынасындағы кемшіліктерге қатысты өз пікірімізді айтқымыз келеді.

Жалпы  кез келген экономикалық қызмет тауардан басталады, оны ақшаға айналдыру және қайтадан көбейте түскен қалпында үлкен тауар өндірісіне ұластыру. Бұл кеңейтілген өндірістің тапжылмас заңы, яғни экономика мен қоғамның даму үрдісі.

Белді экономистер және тауар-ақша қарым-қатынасы теориясының негізін қалаушы Карл Марк пен Адам Смит әрқашанда бірінші орынға еңбек пен тауарды, оның нәтижесі ретінде капиталды қойған.

Қазіргі таңда капитал мен ұлттық байлықтың жинақталуында қосымша құнның ролін мойындамайды. Нәтижесінде еңбекке, тауарлық өндіріске, адамның еңбексүйгіштігі мен шығармашылығына немқұрайлы қарау пайда болды. Өзге тәсілдермен ақша табу құлшынысы еңбек ету және табиғи ресурстарды адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті заттарды өндіру ынтасын жоққа шығарды.

Үкімет қоғамның өндірістік күшінің дамуына аз назар аударады. Осыдан адамдардың жұмыспен аз қамтылуы, импорттың кеңінен пайдалануы орын алып отыр. Біздің ел кейбір салада экпорттық деңгейге де шыға алады.

Мұның негізгі себебі – жалпы өндіріске тауарлық айналымнан түскен  қаражат салынады.

Атап айтсақ, жер сатылады, ал табыс жалпы ішкі өнімге қосылады. Осылайша, біртұтас ауданның жерлері соңғы бес жылда үш рет қолдан қолға сатылған, сауда айналымы өсті, бірақ іс жүзінде ештеңеге қол жеткізілмеді. Ауқымды тауар партияларын алып-сату операциялары белгілі болып отыр.  Табыс бар, ал тауар ауқымы қалады және өз құндылығын жояды.

Осыған орай, біз ел экономикасында капитал өндіріс кезіндегі қосымша құны және ұлттық байлықты көбейтуге бағытталған қоғамның жасампаз қызметі ретінде жеке ескерілсе, ал елде өндірілмеген тауардың сауда айналымынан түскен қаржы  жалпы ішкі өнім құрамына енбеуі тиіс және олардың есебін реттеу үшін банктік айналымнан өтуін талап етеміз.

Жуырда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев экономиканың дамуында ЖІӨ көрсеткішіне сүйенбеуді ұсынды, себебі ол экономикалық қызметтің және өмір сүру сапасының ұзақ мерзімді ерекшелігін көрсетпейді.

Мұны біз азық-түлікті пайдаланудан байқап отырмыз. Азық-түлік дүкен сөрелеріне қарағанда өндірушіде бінеше есе арзан. Бұл жағдайда тауар өндірушінің табыс соммасын есептеген абзал.

Біз көріп отырғанымыздай, өндірістің әрі қарай дамуы сауда табысының 10-15%-ы қайтып оралады, айналымның қалған бөлігі делдалдар мен сауда мекемелерінің пайдасында қалады.

Кеңейтілген өндірістің барлық заңдылығы бойынша капиталдың әрбір айналымынан даму үлесі артуы тиіс, ал бізде әрбір кезең сайын өндіруші салынған қаражаттың көлемін сақтап қалуға қиналады. Бұл құлдырауға әкеп соқтыратын  өте қауіпті жағдай. Өндіруші өндіріс ауқымын кеңейтіп, банктік несие емес, жеке жинағы есебінен тауар нарығын қамту үшін, рентабельді жұмыс істеуі үшін сауда-ақша қарым қатынасын кеңейту қажет.

Біз  түсінеміз, қалыптасқан жағдайды өзгерту қиын, бірақ бұл істі бастау қажет, ерте әрекет еткеніміз өзімізге пайдалы.

Депутаттар, «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері

В. Косарев

Г. Баймаханова

Ж. Ахметбеков

А.  Қоңыров

М. Магеррамов

Т. Сыздықов

И. Смирнова

4 қазан 2017 жылы жарияланды

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика