Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Е.А. Досаевқа

 Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!

KZK_58061Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі делінген.

Еліміздің 1523 ауылында жалпы білім беру мектептері жоқ, оқушылар басқа елді мекендердің оқу орындарына барып біліп алып жүр. Бүгінгі таңда мұндай оқушылардың саны 30 000-ға жетті. Ауыл әкімі оларды ең алдымен көлікпен қамтуға міндетті. Ол көлік ақаусыз болуы керек және отыратын орындар саны таситын балаларға жеткілікті болуы тиіс. Балаларды тасымалдайтын автобустар колоннасын Ішкі істер органының арнайы  автокөліктері алып жүрулері керек.

Алайда, көп жағдайда балалар бірнеше шақырым жердегі мектепке автобуспен емес, жаяу қатынайды. Жаңбырлы кездері аяқ киімдерін батпақтан ала алмай қалған оқушылар, мектепке жалаң аяқ барған жағдайлар болған.

Алматы облысы Іргелі ауылының оқушылары Кемертоған ауылындағы жаңа мектепке жете алмай отыр. Екі арада қатынайтын жол жоқ, тұрақты түрде қатынайтын автобустар да жоқ, ал мектеп автобусының бағдары ұйымдастырылмаған.  Қаскелен ауылына да балалар осындай жағдайда қатынайды. Ақмола облысының Қосшы ауылында да осындай қиын жағдай орын алып отыр. Оқушылар үйлерінен мектепке дейін 6 шақырым жолды жүріп өтеді. Күздің жаңбырлы күндері басталды, ар жағында қыс келе жатыр. Балалар білім алу үшін мектепке қалай барады?

Целиноград ауданы Қоянды ауылының көптеген тұрғындары бұзылған жол мен мектеп автобусының тапшылығына шағымданып отыр.  Ауыл тұрғындары көбейіп келеді, қазірдің өзінде 500-ден астам оқушы бар, бірақ мәселе шешімін таппай отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шұқырсай ауылында 300-ден астам отбасы тұрады. Тұрғындар он жылдан бері биліктен мектеп салып беруді сұрап отыр. 500-ге жуық бала көрші ауылда  білім алып жүр.

Қостанай облысы Жетіқара қаласының балалары мектепке жету үшін қаланың бір шетінен екінші шетіне жаяу жүруге мәжбүр. Себебі автобус бағдары жоқ.

ҚР БҒМ-нің 2011-2015 жж. арналған Стратегиялық жоспарында көптеген оқушылар үшін тасымалдау ұйымдастырылмағандығы айтылған. Сол себептен оқушылар маңайдағы мектептерге жету үшін біраз уақыттарын кетіреді.

Тасымалдаудың қауіпсізідігі мен жайлылығы да үлкен мәселелер тудырып отыр. Автобустардың техникалық жағдайлары да тиісінше реттелмеген.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекет басшысы «…құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген болатын. Сондықтан мемлекеттік басқарудың барлық қызметтері оқушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз тасымалды қамтамасыз етуге міндетті.

Жауапты заңнамада бекітілген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары                                             

И. Смирнова

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

К. Косарев

М. Магеррамов

  Т. Сыздықов

«Нұр Отан» фракциясының депутаты                                                        

М. Айсина

04.10.2017 ж. жарияланды

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика