Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

ERA_2376Қазақстан кезекті жанармай дағдарысы – мұнай өнімдері мен олардың қымбаттауын бастан кешіп отыр. Кезінде мемлекет жаңа жеткізушілерді іздеу, импорт сызбасы, тіпті Қытайдағы толлингтік операциялар арқылы тапшылықпен күресті. Нәтижесінде салалық министрлік қағажу көрді: 2015 жылдың шілде айында АИ-92 бензинінің, ал 2016 жылдың тамыз айында дизель отынының бағасын реттеу алынып тасталды.

2014 жылдың күзіндегі жанармай дағдарысынан кейін Үкімет коммунистердің депутаттық сауалына Қазақстанда жұмыс істеп тұрған барлық  МӨЗ  жаңғыртудан кейін (аяқталу мерзімі 2016 жыл) 2017 жылдан бастап Еуро-4 және Еуро-5 стандартындағы мұнай өнімдерінің қажеттілігін қамтамасыз етеді деп жауап берген болатын.

2017 жылдың күзіндегі жанармай дағдарысы Үкіметтің оптимистік болжамын жоққа шығарып отыр. Қазіргі таңда республикада отандық мұнай өңдеу саласының ұзақмерзімді даму жоспарының жоқ екені сезілуде.  Бұл үйреншікті тапшылыққа, жанармайдың қымбаттауына әкеліп соқтырады, азаматтардың наразылығын тудырады.

Жанармай дағдарысы салдарынан әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызмет бағасы өседі, ол қазақстандықтардың өмір сүру деңгейіне кері  әсерін тигізеді.

Ерекше атап көрсеткіміз келетіні 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа МӨЗ құрылысының қажеттілігі туралы айтқан болатын. Осыған қарамастан Үкімет жаңа құрылыстан бас тартып, бұрынғы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бел буды.

Жанармайдың тапшылығы мен баға өсімімен қатар жылыту маусымында көмір мен газ қымбаттады. Жүз миллион тоннадан астам көмір өндірілетін (1 тұрғынға шамамен 6 тоннадан)  елде азаматтардың  көмірді қаппен тасып жүргені ұят болды.  Бір қап көмір мың теңге тұрады, бір тоннасы 25 мыңнан 30 мың теңгеге дейін барады.

Азаматтарда орынды сұрақ туындайды, Үкімет осындай жағдайдың орын алуына жол берсе, мұндай Үкіметтің қажеті қанша?

 Осыған орай мынадай сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз:

  1. Президенттің 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтылған төртінші мұнай өңдеу зауыты құрылысынан бас тарту шешімі кімнің бастамасы?
  2. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен молайту және бағаларын реттеу бойынша ұзақмерзімді мақсатты бағдарлар қандай?
  3. Мұнай өнімдерін өндіру және сату нарығындағы бәсекелестікті дамыту бойынша қандай шаралар қолданылады?
  4. Уәкілетті органдардың монополизацияға қарсы әрекет етуде

азаматтардың мүддесін қалай қорғағанына, өзара келісілген бағаны қалай қадағалағанына, сонымен қатар  жанар-жағармайдың, көмір мен газдың көтерме және бөлшек сауда нарығындағы картелдік келісімдеріне қатысты 2016-2017 жылдарды қамтитын ақпарат ұсынуыңызды сұраймыз.

«Халық коммунистері» фракциясы мұнай өңдеу саласына тиімсіз жетекшілік ету мен биліктің орталық және жергілікті басқару жүйесіндегі орашолақтықтың салдарынан Қазақстанда туындаған бензин тапшылығы мен оның қымбат құнын азаматтарға арта салуға болмайды деп санайды.

Өндірісті дамытуға қатысты жүйелі саясат ойлап тауып, сапалы әрі қолжетімді отандық отын өндіру үшін оны қолданысқа енгізу қажет сонымен қатар көмір мен газдың жеткізілуін қатаң қадағалауға алу керек.

Мемлекет жанар-жағармай бағасын реттеуге араласпайды дегенді желеу етіп, салалық министрліктің, жергілікті атқарушы биліктің және квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғаларын қызметінен босату мәселені түбегейлі шешпейді.

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары                                         

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

К. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

11.10.2017 жылы жарияланған

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика