Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ НЕМҚҰРАЙЛЫҚ ТАНЫТПАЙЫҚ

ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ НЕМҚҰРАЙЛЫҚ ТАНЫТПАЙЫҚ

Маусым айында ҚКХП Алматы қалалық комитетінің мүшелері мен белсенділері «Қазэкология» республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық орталығының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге орталықтың директоры Амангелді Сқақов пен республикадағы  экологиялық қызметтің негізін қалаушы, Қазақстан Коммунистік партиясы ОК бұрынғы мүшесі Мәди Кереев қатысты. Білікті экологтар Қазақстандағы экологиялық қызметтің құрылу кезеңдері мен қазіргі таңдағы мәселелері туралы айтып берді.

казэкология

ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Әлібек Шапенов 5 маусым – Экологтар күніне орай орталық қызметкерлеріне алғыс хат пен сыйлықтар табыстады. Ресми мереке 1972 жылдың маусым айындағы қоршаған орта мәселелері бойынша БҰҰ Стокгольм конференциясында қабылданған резолюцияға сай 2011 жылы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген.  Кездесу барысында ҚКХП АҚК мүшесі Гүлдана Нұрпейісова сөз сөйледі:

  • Қазақстанның жекелеген аймақтарының экологиялық ахуалы көңіл көншітпейді. Ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы жер мен ландшафттың бұзылуына әкеліп соқтырады. Республиканың барлық аумағының алпыс пайызы шөлейттеніп, топырақ құнарлығы бұзылып, өсімдік және мал шаруашылығының өнімділігін азайтуда.

Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану және суармалы егіншіліктің дамуы оңтүстік аймақтардағы ірі және кіші-гірім өзен бассейндерінде су тапшылығын туғызуда. Арал теңізінің мәселесі баршаңызға белгілі…

Гүлдана Хасенқызы табиғи ресурстарға ұқыпты қарап, қоршаған орта тазалығын сақтауға шақырады:

  • Бізде ауасы ластанған қалалар аз емес. Бұған мысалға Өскемен мен Алматы қалаларын келтіруге болады. Астанада жағдай едәуір жақсы. Мен кәсіпкерлер қауымдастығын, жер байлығын пайдаланушыларды экологиялық нормаларды, ауа мен табиғи ресурстарды сақтауға шақырғым келіп отыр. Бұл – біздің болашағымыз, болашақ ұрпақтың денсаулығы.

Кездесу соңында экологтардың ұсыныстары тіркелген қорытынды құжат қабылданды. Бұл құжат экологияға қатысты ҚР қолданыстағы заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін «Халық коммунистері» парламенттік фракциясына жолданады.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика