Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » Ешқашан соғыс болмасын!

Ешқашан соғыс болмасын!

22 маусым 1941 жыл – тарихтағы ең қасіретті даталардың бірі, Ұлы Отан соғысының басталған күні. ҚКХП Алматы қалалық комитетінің мүшелері мен белсенділері 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

19400111_1841272289471822_5365352403803620910_n

1941 ж. 22 маусымның таңында соғыстың басталғандығы туралы жарияланды. Фашистік Германия Кеңес Одағының әскери және стратегиялық нысандарына, бейбіт қалалары мен ауылдарына опасыз шабуыл жасады. 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы осылайша басталды. КСРО бұл соғыста 27 миллион адамынан айырылды, бірақ жауға төтеп бере алды. Сұрапыл соғыста кеңес халқы Отанды қорғап қалды және Еуропа халықтарын фашистік үстемдіктен босатуға елеулі үлес қосты.

Жыл сайын осы күні көптеген елдерде естелік акциялар өтеді. ҚКХП Алматы қалалық комитеті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Артемьев өз сөзінде: – Жас ұрпақ бейбітшілікті бағалау үшін қаралы тарихи күнді  ұмытпауы тиіс. Бұл күн Отан үшін жауға қарсы тұрған ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін еске түсіреді. Барлық шайқаста нағыз ерліктің үлгісін көрсетіп, өздерінің артынан жауынгерлерді ерткен авангард коммунистер болған. Коммунистер мен комсомолдар алғашқылардың бірі болып шабуылға шығып, фашистерге төтеп берген. Ерлікпен қаза болғандар мәңгілік ел жадында. Жерімізде мәңгілікке бейбітшілік орнасын,- деді.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика