Home » Ақмола облыстық комитеті, Партия тынысы » Көкшетау ғашықтар мерекесін атап өтті

Көкшетау ғашықтар мерекесін атап өтті

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу ғашықтар күні қарсаңында ҚКХП Ақмола облыстық комитеті Көкшетау қ. заң колледжімен бірлесе отырып махаббат тақырыбына арналған іс-шара өткізді. Ғашықтар күні елімізде 2011 жылдың 15 сәуірінен бастап тойланып келеді. 

IMG_3676

Мерекеге дайындалу барысында студенттер қазақтың халық аңыздарының желісімен шағын пьесалар қойып, өз ілтипаттарын білдірді. Мереке қазақтың дәстүріне сай шашумен басталды. Көрермендер назарына «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек пен Төлеген», «Еңлік-Кебек» сияқты ғашықтардың тарихы ұсынылды. Әділ қазылар алқасы 2 курс студенттерінің әртістік шеберліктері мен ұйымшылдықтарын ерекше атап өтіп, бірінші орынға лайықты деп таныды. Қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Ақмола облыстық комитетінің өкілдері ұлттық дәстүрге берік болу ұстанымын ерекше атап өтті. Сонымен қатар дәстүрді тек қана сақтап қоймай, оны дамыту және жетілдіру  қажет екендігін айтты.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика