Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » ҚКХП АҚК мен ҚБРК БІРІККЕН ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

ҚКХП АҚК мен ҚБРК БІРІККЕН ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

14 маусым күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінде ҚКХП АҚК мен ҚБРК ІІ біріккен Пленумі өтті. Пленумның күн тәртібінде мынадай сұрақтар қарастырылды: ҚКХП-ның ХІ Съезі бойынша ақпарат, ұйымдастыру сұрақтары, 2017 жылдың екінші жартыжылдығына Алматы ҚК-нің іс-шаралар жоспарын бекіту.

ПЛЕНУМ В АЛМАТЕ

Пленумда ҚКХП АҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапенов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол, ҚКХП-ның Астанада өткен ХІ Съезінде қабылданған шешімдер туралы және Д.Легкий мен Г. Баймаханованың, А.Қоңыров пен т.б. баяндамаларының мазмұны туралы қысқаша айтып берді.  Саяси бюро мен ҚКХП ОК аппаратының, Орталық Комитеттің, «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының сәтті жұмыстары  ерекше аталды.

Күн тәртібіндегі  екінші сұрақ бойынша белгілі себептермен қалалық комитеттің құрамынан төрт мүшені шығару және Гүлдана Нұрпейісова мен Серік Балғымбаев есімді жаңа белсенділерді қабылдау шешімі қабылданды.

2017 жылдың екінші жартыжылдығына іс-шаралар жоспарын талқылау барысында ҚКХП АКҚ БРК төрағасы Гүлнар Абрахматова пікірталас клубтарын құруды және партиялық оқу ісін жандандыруды ұсынды. Өз кезегінде журналист Рәзия Әбдіқадырова, Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесін ҚКХП қызметіне жан-жақты ақпараттық қолдау көрсететін авторларды марапаттау форматында өткізуді ұсынды. Сонымен қатар журналист балалардың жазғы демалыс сапасын тексеру мақсатында демалыс лагерлеріне тексеріс ұйымдастыруды қолға алу керектігін айтты.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика