Home » Астана қалалық комитеті, Партия тынысы » ҚКХП басымдықтарының бірі – жастардың патриоттық тәрбиесі.

ҚКХП басымдықтарының бірі – жастардың патриоттық тәрбиесі.

9KNqedlrmYoАдам сапасы капиталын арттыру – ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің дамуына бағытталған басымдықтардың бірі ретінде көрсетілген.

Мемлекет басшысы оқу бағдарламаларын критикалық ойлау қабілетті және өздігінше ақпарат іздеу машығын дамытуға бағыттау қажет екендігін атап өтті. «Сонымен қатар ІТ білімі мен қаржы сауаттылығын қалыптастыруға,  жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажет»,- деді Президент.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы жастардың патриоттық және адамгершілік тәрбиесі бойынша үлкен жұмыстар атқарады.  ҚКХП Астана қалалық комитеті жастармен кездесу циклы барысында «28 панфиловшылар» кинотуындысын көрсетіп жатыр. Бұл кино ТМД елдері, соның ішінде Қазақстанда да жақсы бағаға ие болған.

21 ақпан күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың кинозалында кинотуындының көрсетілімі өтті, ал 22 ақпан күні «28 панфиловшы: аңыз ба, әлде ақиқат па?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Марат Әубәкіров және университеттің  оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

Пікірталас барысында студенттер мен оқытушылар панфиловшылардың ерлігі, олардың тарихта алар орны, ұлтжандылық пен қазіргі түсінік туралы ойларымен бөлісті.  Кейбір студенттер кинодан алған әсерлерін өлең жолдарымен жеткізді.

М.Әубәкіров өз кезегінде 28 панфиловшылардың Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуде алар орны ерекше екендігін атап өтті. «Мәскеуден небәрі 18 шақырым жердегі Дубосеково разъезінде фашистерді тоқтатқан осы панфиловшылар. Бұл фактіні тарихтан өшіріп тастауға болмайды, біз ұлтына, діні мен діліне бөлінбеген батырлардың ерлігін мәңгі есімізде сақтауымыз қажет. Бұл ерлік Отанға деген махаббат пен рухани бірліктің жарқын үлгісі»,- деді коммунист.

23 ақпан күні дәл осындай кездесу Астана қаласындағы Кәсіби-техникалық колледжде де өтті.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика