Home » Астана қалалық комитеті, Партия тынысы » ҚКХП қоғамның көкейінде жүрген өзекті мәселелерді шешу жолында белсенді жұмыс атқарады

ҚКХП қоғамның көкейінде жүрген өзекті мәселелерді шешу жолында белсенді жұмыс атқарады

маметоваҚазақстан Коммунистік Халық партиясы Астана қалалық комитетінің мүшелері 2017 ж. 10-20 мамыр аралығында  «Қадірлейді, қастерлемейді» акциясы аясында Ұлы Отан соғысы батырларының есімімен аталған көшелерде рейд жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – көшелердің абаттандырылуға сай емес фактілерін әшкерелеу.

Нәтижесінде мынадай фактілер анықталды:

  1. Қалада Кеңес Одағының Батыры атағын алған алғашқы қазақ қызы Мәншүк Мәметованың атында бірде бір көше/даңғыл жоқ.
  2. Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың құрметіне қойылған көше Өндіріс кентінде орналасқан, жағдайы көңіл көншітпейді.
  3. Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімімен аталатын көшенің, әсіресе жеке үйлер орналасқан бөлігі өте нашар жағдайда.
  4. Кеңес Одағының Батыры, генерал Сабыр Рахымовтың атындағы көше қаланың нашар ауданында «Астаналық» базарының артында орналасқан, жағдайы талапқа сай емес.

Жоғарыда айтылған фактілерді ескере отырып, Астана қ. әкімінің орынбасарына мынадай шаралар қолдану туралы өтініш  жолданды:

  1. Генерал Сабыр Рахымов пен Мәншүк Мәметовалардың есімін қаланың сол жақ жағалауындағы жаңа көшелерге беру, мысалы, Е 15, Е 11 және т.б.;
  2. Әлия Молдағұлова мен Төлеген Тоқтаровтың атындағы көшелерге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Қазақ халқы ежелден ел тәуелсіздігі мен абыройы үшін күрескен батырлардың есімдерін  ерекше құрметтеген. Астана қалалық комитетінің мүшелері адамзат тарихындағы ауыр қасіретте жеңіс туын желбірету үшін өмірлерін қиған Кеңес Одағы батырларының ерліктері жоғары дәрежеде дәріптелуі тиіс деп санайды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика