Home » Партия тынысы, Сайлау 2015 » ҚКХП ұсынған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Атырау және Ақтобе қалаларындағы аймақтық сайлауалды штабтарының іс-шаралары туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ҚКХП ұсынған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Атырау және Ақтобе қалаларындағы аймақтық сайлауалды штабтарының іс-шаралары туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Атырау қаласындағы сайлауалды штабы атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

Насихат жұмыстарының барысы туралы Атырау облысы бойынша сайлауалды штабының жетекшісі айтып берді.

Ол Атырау облысы сайлауалды штабының қарқынды ақпараттық қызметі туралы баяндады: сенімді тұлғалар облыс тұрғындары арасында ақпараттық саясатты жүргізумен айналысуда.

Штаб жетекшісінің айтуынша, насихат жұмыстары жүргізіліп, студенттер және еңбекші ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, штаб кеңсесі журналистер және бақылаушылар үшін әрдайым ашық, үгіт насихат материалдарымыз жеткілікті және кандидаттың сайлауалды тобының мүшелері керекті кеңестерді беруге әзір.

Кандидат Т.Сыздықовтың сенімді тұлғасы сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттарына тоқталды.

«Коммунистік халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары жатыр.

Материализм, экономикалық ілім және ғылыми коммунизм теориясы марксизмді құраушы басты бөлімдер болып табылады. Марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім болып табылады», – деп атап өтті.

Қазіргі заманғы батыс өнері өзінің мазмұнын жоғалтуда және примитивті-эмоционалдық деңгейге дейін түсіп кетті», – деді ол.

Сондай-ақ ол, әлемдік коммунизм идеясы басты мақсат болып қала бермек. Коммунистік қоғамның әділетті лозунгі – «Әркімнің қабілетіне қарай, әркімнің қажеттілігіне орай».

Сонымен қатар, атқарылған жұмыстары туралы Қызылорда облысы сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев баяндады: қазіргі таңда насихат жұмыстары облыстың барлық аудандарын қамтуда.

Тұрғындармен кездесулер үнемі өткізілуде, оларға өзінің маңыздылығын жоймайтын марксизм-ленинизм идеясының негіздері түсіндірілуде.

«Ұстанымдарына берік нағыз коммунист өзіне артығын алмайды, батыстың арбаушы жарнамаларына алданбайды. Қарапайым тағамдармен қоректеніп, шашпалыққа жол бермейді, материалдық байлықты өмірдің мәніне айналдырмайды, өзінің жеке дамуына және жақындарына қол ұшын береді», – деді кандидаттың сенімді тұлғасы.

Оның пікірінше, батыстық қоғамды арам пиғылдар дендеп алған, рухани бастаулармен санаспайды, барлығы пайда табуға бағытталған.

Адамдар басты адамгершілік қасиеттерін жоғалтып, маркетинг заңдылықтарына бағынған тұтынушыларға айналуда. Батыстық жарнама өмірдің мәнін, мазмұнын, мағынасын өзгертіп белгілі бір тауарды адамдарға күштеп жүктеуде.

«Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады, себебі тұтынушылық сана, көп жағдайда, жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады. Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда», – делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында.

Аймақтық сайлауалды штабтың жетекшісі, Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында көтерілген сұрақтар қазіргі кезеңде әлемде өзектілігін табуда және тұрғындармен кездесулерде талқыға түсетін болады.

ҚКХП Республикалық сайлауалды

штабының баспасөз қызметі

Тел.: 8 (7172) 78-47-96

+7778 888 24 34, +7 701 461 78 58

knpk2015@mail.ru, www.knpk.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика