Home » Партия тынысы, Сайлау 2015 » ҚКХП ұсынған ҚР президентігіне кандидат Т.Сыздықовтың Ақтау және Көкшетау қалаларындағы аймақтық сайлауалды штабтарының іс-шаралары туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ҚКХП ұсынған ҚР президентігіне кандидат Т.Сыздықовтың Ақтау және Көкшетау қалаларындағы аймақтық сайлауалды штабтарының іс-шаралары туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Бүгін Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды штабы атқарылған шаралары туралы айтып берді.

Өз жұмыстары туралы Президенттікке кандидат Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының жетекшісі айтып берді.

Сайлаушылармен кездесу барысында штаб марксизм-ленинизм қағидаттарының ескірмеген және өзекті бағыттарымен таныстырды.

Біздің кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан коммунистік халық партиясының бағдарламалық шарттары мен оның қызметін насихаттауда.

«Марксизм коммунистер үшін – қоршаған әлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамның дамуындағы қордаланған және жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым.

Руханилықтың мәнін түсіретін батыс құндылықтары мақсатты түрде астамшыл тұтынушылық сана қалыптастыруда. Адамның психикасы мен денсаулағына тікелей қауіп төндіретін ақпараттық ықпалдар бар.

Кандидаттың сенімді тұлғасы, ҚКХП мүшесі сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттарына тоқталды.

«Батыстық киноиндустрия өнімдері жеке бастың қамын қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастырады.

Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді.

Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды.

Қазіргі заманғы батыс өнері өзінің мазмұнын жоғалтуда және примитивті-эмоционалдық деңгейге дейін түсіп кетті

Сондай-ақ өздерінің жұмыстары туралы Көкшетау аймақтық сайлауалды штабы айтып берді.

Облыстық комитеттің жетекшісінің айтуынша: «ҚКХП Қызылорда аймақтың штабы ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды насихат жоспарына сәйкес сайлаушылар арасында өз жұмыстарын жүргізуде».

Аймақтың қоғамдық бірлестіктері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен біз өзіміздің штабымызды таныстырдық.

Біздің сайлауалды насихатымыз қалыпты жағдайда өтуде. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысымыз бар, тұрғындырға кездесу барысында насихат жұмыстарын жүргізудеміз.

Сонымен қатар аудан орталықтарындағы сайлаушылармен кездесулер жоспарланған.

Тұрғын Ысқақұлының сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарына тоқталар болсақ.

Біздің жұмысымыз қоғамдық дамудың тұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизм идеясына негізделіп құрылған.

Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз.

Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді.

Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды.

Толықтай алғанда біздің кандидатымыздың кездесулері сәтті өтті деп санайды кандидаттың аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі.

Сондай-ақ, Ақмола облысындағы кандидаттың сенімді тұлғасының хабарлауынша «біздің облыстық штабтың жұмыс жоспары белгіленіп, сайлаушылармен жұмыс соған сәйкес жүргізіліп жатыр.

Сайлауалды насихат барысында сенімді тұлғалардың аудан орталықтарына сапарлары жоспарланған.

Сонымен қатар, сайлауалды насихатта партия БАҚ-пен тығыз қатынас орнатты. Әлеуметтік желілерде жұмыс жасау әдістерін үйренудеміз, партияның сайты үшін қажетті материалдар даярлануда».

ҚКХП Республикалық сайлауалды

штабының баспасөз қызметі

Тел.: 8 (7172) 78-47-96

+7778 888 24 34, +7 701 461 78 58

knpk2015@mail.ru, www.knpk.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика