Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » ҚКХП ЖӘНЕ БАҚ ҚОҒАМ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

ҚКХП ЖӘНЕ БАҚ ҚОҒАМ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

28 маусым күні Қазақстан баспасөз орталығында Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі мен Қазақстан Коммунистік Халық партиясының құрылу күніне орай БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

19248156_1844028109196240_5641832998871445380_n

Қос мереке

Іс-шараның ұйымдастырушысы ҚКХП Алматы қалалық комитеті жыл сайын дәстүрлі түрде ҚКХП қызметіне белсенді ақпараттық қолдау көрсеткен қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын атап өтеді. Құттықтау сөздерден кейін ҚКХП АҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапенов, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мақсаты ғылыми-техникалық прогресс пен ғылыми социализм ұстанымдары негізінде шынайы халық билігі, дамыған руханият, әлеуметтік теңдік, еркіндік пен өркендеген экономика орнату екенін атап өтті. – Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру қажет: саясат саласында – демократизация үшін күрес, билікке демократиялық сайлау арқылы қол жеткізу, әлеуметтік теңдік орнаған қоғам құру, Қазақстан Республикасында шынайы халық билігін қамтамасыз ету. Экономикалық салада – экономикалық дамуда шикізат өндірісін еңсеру, өндіріс пен ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу, негізгі экономикалық салаларда мемлекеттік меншікті қайта қалпына келтіру; әлеуметтік салада – экономикалық әлеуетті ескере отырып халық үшін әлеуметтік кепілдіктер көлемін орнату және кеңейту; халықаралық байланыста – ТМД елдерімен республиканың интеграциялық үдерістерін қолдау, лаңкестікке қарсы күрес, кең ауқымды халықаралық байланыс, – деп қорытындылады спикер.

Партия мен тілшілер

БАҚ пен партия арасындағы қарым-қатынас туралы ҚКХП Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы Лейла Төлеуғалиева айтып берді: – «Халық коммунистері» фракциясының Парламент Мәжілісіндегі депутаттары заң шығарушы органда біздің азаматтарымыздың көкейінде жүрген мәселелерді көтеретіндігін өздеріңіз де білесіздер.  Коммунистер халықтың мұң-мұқтажын мемлекеттік деңгейде көтеруден тайынбайды. Депутат Айқын Ойратұлы Қоңыров – ақпараттық кеңістікте танымал тұлға, білікті сарапшы. Депутат ешқашан журналистерге сұхбат немесе пікір беруден қашпайды, үнемі сауатты, салмақты әрі әділ жауап береді. Оның қатысуымен жария болған материалдар үнемі жоғары рейтингке ие.  Біздің басқа да депутаттарымыз бен комитет басшылары БАҚ-пен осындай деңгейде тиімді байланыс орнатуға тырысады. Мысалы, БАҚ арасында саясаттанушы, ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы Сұлтанбек Сұлтанғалиев те үлкен танымалдылыққа ие. Оның тұшымды пікірлерін  «365.инфо», «Саясат.орг», «Информбюро» сияқты сайттар үнемі жариялап отырады.  Депутат Галина Александровна Баймаханованың жер қойнауын пайдалануға қатысты пікірін «Казахстанская правда», «Свобода Слова» және т.б. ақпарат құралдары жариялады. Халық қалаулысы Ирина Владимировна Смирнова БАҚ-та білім саласындағы мәселелердің сарапшысы ретінде танымал. Коммунистердің БАҚ –ғы танымалдылықтары олардың  халыққа жақын, қоғамдағы өзекті  мәселелерге ден қоятындықтарының белгісі.

Сондай-ақ Л.Төлеуғалиева БАҚ өкілдеріне коммунист-депутаттардың жуырда жариялаған сауалдары туралы айтып берді. Спикер депутат М.Магеррамовтың мемлекеттік қажеттілік үшін азаматтардан күштеп алынатын мүлік үшін төленетін әділетсіз өтемақыға қатысты Үкімет басшысына жолдаған сауалын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, депутат И.Смирнованың мектеп оқулықтары бағасының 50 пайызға өскендігі туралы сауалы өзекті болып отыр.  Қалалық комитет хатшысы А.Қоңыровтың халық табысының төмендеуі мен салық салудың прогрессивті шкаласын енгізуге қатысты депутаттық сауалы өзекті тақырыптардың бірі екендігін атап өтті.

Үздіктер марапатталды

Өз кезегінде журналист, ҚКХП мүшесі Рәзия Әбіқадырова марапатқа ие болған әріптестерінің тізімін жариялады:

  • Біз ҚКХП қызметін белсенді түрде жариялаған БАҚ арасында мониторинг жүргізіп, үздіктерге алғыс хат пен кәдесыйлар табыстауды ұйғардық. «Вечерний Алматы» газеті ( редакция ұжымы, журналист Юрий Каштелюк), «Zonakz.net» (журналист Лилия Игликова), «Total» (бас редактор Асқар Кубайжанов), «Rezonans» порталдары (редакция ұжымы) үздіктер қатарында. Мереке құтты болсын. Біздің ортақ мақсатымыз – қоғам игілігі үшін қызмет ету, азаматтарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Мысалы, бізде тегін заңгерлік көмек көрсететін қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Біз «Шапағат», «Мектепке жол» сияқты акцияларды өткіземіз. Жазатын тақырып өте көп. Сондықтан ҚКХП-пен бірлесе отырып қоғам игілігі үшін қызмет жасайық. Партия жұмысына белсенді ақпараттық қолдау көрсеткендеріңіз үшін айтар алғысымыз шексіз.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика