Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » КОММУНИСТЕР ҚАУІПСІЗ ЖОЛДАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

КОММУНИСТЕР ҚАУІПСІЗ ЖОЛДАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

12 сәуір күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде «Қымбат жолдар» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.

32

2016 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары Қазақстанның автомобильді жолдарының сапасы сын көтермейді деп мәлімдеген болатын.   Дүниежүзілік экономикалық форумның жариялаған баяндамасында Қазақстан жол сапасы бойынша 138 елдердің ішінде 108-ші орында тұр. Мысалы, сонау Зимбабве 101 орынға жайғасқан. Ұйымның берген бағасы мен жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражат арасында байланыс болмай тұр. 2016 жылдың өзінде жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 329,8 млрд. теңге бөлу жоспарланған болатын.

Іс-шараны ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Әлібек Шапенов ашты: – Көптеген қазақстандықтардың жол сапасына, ауылды жерлерде асфальт жабындысының жоқтығына айтатын уәждері орынды. Бірақ бюджеттен жолдың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына едәуір көп қаражат бөлінеді. Биыл ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдар келесі жылы жарамсыз болып қалады. Әлеуметтік желілерде ауа райының қолайсыздығына қарамастан жұмысшылардың жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан роликтерді жиі көреміз. Қолданылатын материалдардың сапасы да сын көтермейді. Көп жағдайда мердігерлер  үнемдеу мақсатында сапасы нашар материалдарды пайдаланады. Соңғы жылдары шенеуніктер жолдардың төмен сапасына континентальды ауа райы, температураның күрт өзгеруі, автокөлік дөңгелектерінің бүртабаны себеп деген сылтау  айтып жүр.

Бірақ ешбір шенеунік жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражатқа бақылаудың жоқтығына жауапкершілік алған жоқ. Біздің басты мәселеміз – бөлінетін қаражатты дұрыс  бақыламау, арзан матрериалдарды қолдану, стандарттарды сақтамау.

Құрылыс материалдарының сапасы туралы «Казахский ПромТрансПроект» ЖШС-ның директоры Владимир ГОЛОВИН айтып берді: – Ең басты мәселе – Қазақстанда сапалы битумның жоқтығы. Битум Ресейден сатып алынады. Себебі біздің елдегі материал стандартқа сай емес. Жол-көлік желісінің қалыпты ара қатынасы 20-25 пайызды құрау керек, ал бізде 15 пайызға да жетпейді. Көшелер мен жолдардың 3000 шақырымына тәуілігіне 500-600 мың автокөліктен келеді.  В.А. Головиннің ақпараты бойынша, жол-құрылыс саласында шешуін таппай жүрген мәселелер шаш етектен. Бірақ ең басты мәселе қаржыландыруға келіп тіреледі. Егер бюджеттен қаржы дұрыс бөлінсе, жолдың сапасы да жөнделер еді.

Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ұсыныстарымен толыққанды келісетіндіктерін жеткізді. Партияның ұсыныстарын бірінші хатшы Ә.Шапенов жария етті:  – Біз автокөлік жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын және қаржының жұмсалуын қадағалайтын қоғамдық бақылау жүйесін құруды ұсынамыз. Сондай-ақ, Ресейден битум сатып алмау үшін отандық материалдардың сапасын арттыру бойынша жұмыстар атқару қажет. Жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын онлайн режимде қадағалау үшін интернет-платформа құру қажет деп санаймыз. Ашықтықты арттыру мақсатында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары шығынының сметасын БАҚ және интернет ресурстарында жариялау қажет. Тізімге сонымен қатар ақылы жол учаскелерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және төтенше жағдайларды болдырмау үшін шаралар кешенін құрастыру; ақылы жолдардың оператор компаниялары үшін жол жабындыларын уақытылы қардан тазалмағандары мен қалыпты жағдайда ұстамағандары үшін жауапкершілік жүйе құрастыру; автожолдардың құрылысы немесе жөндеу жұмыстары барысында қалыпты ережелер мен стандарттарды сақтамаған орындаушы компаниялар үшін жауапкершілікті күшейту; автожолдардың құрылысы немесе жөндеу жұмыстары барысында қалыпты ережелер мен стандарттарды сақтамаған орындаушы компаниялар үшін жауапкершілікті күшейту;  Қазақстанда салынып жатқан автожолдарға кепілді мерзім орнату сияқты ұсыныстар бар.

Қатысушылар халық коммунистері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына осы мәселеге қатысты зор үміт артып отыр. Себебі бұл мәселе халық коммунистерінің назарында. Бұған дейін Мәжіліс қабырғасында бұл мәселені депутат Айқын Қоңыров көтерген болатын.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика