Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » КОММУНИСТЕР ЭКСПЕДИЦИЯҒА ШЫҚТЫ

КОММУНИСТЕР ЭКСПЕДИЦИЯҒА ШЫҚТЫ

14 шілде күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінің активі  Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығына арналған «Алматы-Шушенское. 1917-2017» мәдени-этнографиялық экспедициясына шықты.

IMG_0485-14-07-17-12-33

Экспедиция Алматы – Шығыс Қазақстан – Алтай Республикасы – Семей – Алматы бағдарымен қозғалады. Экспедиция құрамына он екі адам кірген, оның ішінде: ҚКХП Алматы ҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапенов, қалалық комитетінің Жастар қанатының көшбасшысы Бауыржан Сайдахметов, ҚКХП мүшесі Серік Балғымбаев, «Тұран ТВ» интернет-каналының түсірілім тобы мен партияның жақтастары бар.

Жиһанкездерге ақ жол тілеп, шығарып салуға алматылық халық коммунистер мен Ауған соғысына қатусышылар мен партия ардагерлері келді.

- Экспедиция барысында біз ҚКХП-ның Талдықорғандағы және Шығыс Қазақстандағы аймақтық бөлімшелерімен кездесуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар біз Ресей аумағында КПРФ мүшелерімен кездескіміз келеді. Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығына орай Қазақстанның коммунистері бір кездері Владимир Лениннің өмір сүрген және қызмет еткен   Ресей Федерациясы Красноярск аймағындағы Шушенское селосына табан тірейді. Коммунистер революцияның негізін қалаушы Лениннің қызметі мен жетістіктерін есте сақтап, жастарды тарихпен таныстыру қажет,- деп қалалық комитеттің хатшысы Ә.Шапенов экспедицияның мақсаты туралы баяндап берді.

Естеріңізге сала кетейік, 1897 жылы Шушенское селосында В.Ленин үш жылға жер аударылған. Қазіргі таңда селода «Шушенское» тарихи-этнографиялық музей-қорық жұмыс істейді. Бұған дейін бұл жер «Сибирская ссылка В.И. Ленина» атауымен танымал болған.

Көлік керуені Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақтан бастау алды. Экспедиция 2017 жылдың 24 шілде күні өз мәресіне жетеді.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика