Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » Коммунистер халық арасында

Коммунистер халық арасында

24 ақпан күні ҚКХП Алматы қалалық комитеті «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы туралы не білу қажет» атты акция өткізді.

IMG_9585_cr-фото-2

Акция барысында комитет белсенділері Алматының орталық көшелерінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, оның құрылу тарихы баяндалған шамамен жүз шақты парақшалар мен буклеттер таратты.

  • Алматылықтар, әсіресе жастар біздің акцияға үлкен қызығушылық танытты. «Сіздер коммунистерсіздер ғой, мен сіздерге дауыс бергем» деп жатты. Мұндайды есту, әрине үлкен мақтаныш. Біз қала тұрғындарына партияның құрылу тарихы, «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының қызметі, қоғамдық қабылдаулардың жұмысы мен «Шапағат» қайырымдылық жобасы туралы айтып бердік,- деді ҚКХП АҚК хатшысы Лейла Төлеуғалиева.

ҚКХП мемлекеттік тіркеуден 2004 жылдың 21 маусымында өткен.  Партияның алға қойған мақсаттары: халық билігін орнату, жеке меншік формаларын мойындау, нақтырақ айтсақ, мемлекеттік, ұжымдық, жеке меншік, акционерлік және кооперативті. Экономика саласында – экономиканың дамуында шикізаттік бағытты еңсеру, ауыл шаруашылығы мен  өнеркәсіпте заманауи технологияларды енгізу, экономиканың негізгі салаларына мемлекеттік меншікті қайтару. Әлеуметтік салада – 90 жылдардағы реформаларға дейін елімізде болған   әлеуметтік кепілдіктерді қайта жаңғырту және көлемін кеңейту.  Халықаралық байланыста коммунистер ТМД елдерімен интеграциялық үдерістерді қолдауға, терроризммен күресуге, кең ауқымдағы халықаралық ынтымақтастыққа басымдық береді.

Партияның мақсаты – шынайы халық билігіне, әлеуметтік әділдікке, ғылыми-техникалық үдеу мен ғылыми социализм ұстанымдарының негізінде еркін және дамыған экономикаға жету. ҚКХП-ның идеологиялық түсінігіне сай қоғам орталығының негізі толық құқыққа, мүмкіндіктерге ие адам болуы тиіс. Біз адамдардың мүдделерін қорғаймыз. Сол бағытта жұмыс істейміз. Сондықтан мұндай акциялардың алар орны ерекше,- деп қорытындылады Л. Төлеуғалиева

Разия Әбдіқадырова

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники