Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » Коммунистер құқықтық сауаттылықты арттыруда

Коммунистер құқықтық сауаттылықты арттыруда

12 мамыр күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде «Кездесулер топтамасы» бағдарламасының аясында «Құқықтық құзыретті  қалыптастыру» тақырыбында тренинг өтті.

Тренинг Сорос

Қарапайым азаматтарға барлық  заңнамалық жаңашылдықтарға бейімделу қиынға соғады. Себебі  заңнама жыл сайын жаңғырып, өзгеріп отырады.  Жаңа құқықтық актілер құрастырылады. Қазіргі кезде заңгерлік кеңес өте қымбат. Құқық қорғаушылар азаматтардың белгілі бір деңгейде заңгерлік білімдері болуы тиіс деп пайымдайды.

Тренингті «Сорос-Казахстан» қорының қолдауымен «Transparency International Kazakhstan» қоры ұйымдастырды. Мамандандырылған тренер Елена Важинская ҚКХП Алматы қалалық комитетінің белсенділері мен мүшелеріне нормативті-құқықтық актілерге өздігінше талдау мен зерттеу жүргізу, өтініш, арыз жасауда базалық машықты қалыптастыру, электронды қызметтермен жұмыс жасау, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына арналған жеңілдіктерге сауатты түрде қол жеткізу туралы айтып берді.

Тыңдаушылар  Екатерина Логинова, Дәурен Багашев және т.б. айтуынша, тренинг тиімді және ақпаратқа толы болды. Алматының халық коммунистері тренер Е.Важинскаяға алғыстарын білдіріп, «Коммунист Казахстана» журналының жаңа санын және Ұлы Қазан Социалистік революциясының 100 жылдығына арнайы шығарылған мерейтойлық күнтізбе сыйлады.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика