Home » Ақмола облыстық комитеті, Партия тынысы » Коммунистерге алғыс білдірді

Коммунистерге алғыс білдірді

Көкшетаулық тоғыз жасар Әлішердің анасы Наурызгүл Тұрсынова коммунистерге жағымды жаңалығын жеткізіп, қуанышымен бөлісті. Оның айтуынша, ұлына жасалған ота ойдағыдай өткен.

nury-zgul-

Әлішер ұзақ ауырды. Баласының дертіне дауа іздеген Наурызгүл ҚКХП-ның Көкшетау қаласындағы қоғамдық қабылдауына келіп, көмек сұрады. Ізінше іске Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов араласып, Әлішердің тегін ем қабылдауына ықпал жасады. Нәтижесінде оған балаларға арналған облыстық ауруханада тегін медициналық көмек көрсетілді.

«Әлішердің денсаулығы дұрысталып келеді. Қуанышымда шек жоқ, халық қалаулысы Тұрғын Сыздықовқа, «Шапағат» халықтық жобасына және ақмолалық коммунистерге алғыс айтамын», – деді Наурызгүл Тұрсынова.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика