Home » Партия тынысы, Шығыс Қазақстан облыстық комитеті » Коммунистическая көшесі атауын өзгерту қарастырылды

Коммунистическая көшесі атауын өзгерту қарастырылды

2017 жылдың 8 қыркүйегінде Зырян қаласында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен  қоғамдық тыңдаулар өтті. Кездесуде  қала тұрғындары Коммунистическая көшесінің атын өзгертуді талқылады. Ақсақалдар кеңесі көшеге Достық атауын беруді ұсынды. 

sdr

Жиын Коммунистическая көшесінде елу адамның қатысуымен өтті. Халықпен кездесуге Зырян қаласының әкімі Константин Передельский, әкім орынбасары Петр Чурсин және Зырян ауданы Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Қоғамдық тыңдаулардың басты мақсаты – халықтың пікірін білу. Жиналғандар көше атауын өзгерту бастамасына қарсы болды. Жергілікті тұрғындар көше атауын өзгертудің қажеттілігін түсіне алмады, ал билік іс-шараның мақсатын ұғындыра алмады.

Халықтың мүддесін қолдау мақсатында жиынға қатысқан ҚКХП Зырян аудандық комитетінің бірінші хатшысы Жанар Байдәулетова да өз пікірін білдірді. Бірінші хатшы көше тұрғындарының мүддесін қорғайтындығын жеткізді.

Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша көше атауын өзгертуге қарсы тұрғындардың қолдарын жинау шешілді.

ҚКХП Зырян аудандық комитетінің Баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика