Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » КОММУНИСТТІК ЭКСПЕДИЦИЯ АЯҚТАЛДЫ

КОММУНИСТТІК ЭКСПЕДИЦИЯ АЯҚТАЛДЫ

24 шілде күні Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығына арналған «Алматы–Шушенское. 1917-2017» мәдени-этнографиялық автоэкспедиция өз мәресіне жетті.  Автоэкспедиция 14 шілде күні Алматы қаласынан бастау алған болатын.

21124

Экспедиция Қазақстан мен Ресейдің бірнеше қалалары мен елді мекендерін басып өтті: Алматы – Шығыс Қазақстан – Алтай Республикасы – Таулы Шория – Хакасия – Шушенское – Алтай өңірі – Семей – Алматы. Экспедиция құрамына 12 адам кірді, оның ішінде: ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Әлібек Шапенов, ҚК жастар қанатының көшбасшысы Бауыржан Сайдахметов, «Тұран ТВ» интернет-арнасының түсірілім тобы және партияның қызметкерлері бар.

ҚКХП Алматы ҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапенов экспедиция туралы толығырақ айтып берді:

- Сапарымыз жақсы өтті. Біз экспедицияның басында ҚКХП-ның Талдықорған мен Өскемендегі аймақтық партиялық бөлімшелерімен кездестік. Автокеруен бастау алған күні бізді Талдықорғанда бірінші хатшы Сәуле Биғарова бастаған Алматы облыстық комитетінің коммунистері қарсы алды. Алакөлге де ат басын тіреп, қонып шықтық. Келесі күні Өскеменге келдік, бұл жерде бізді Шығыс Қазақстанның коммунистері қарсы алды. Мұнда БАҚ өкілдерімен кездесіп, сұхбаттасқаннан кейін біз Шемонаиха қаласына бет бұрып, сол жақта түнедік. Таң ертең Ресей Федерациясының шекарасынан өттік. Ресей аумағында КПРФ-тың бірнеше бөлімшелерімен кездестік. Ресейлік коммунистер бізді өте жақсы қарсы алды.

Әлібек Төлегенұлының айтуынша, Алтай өңіріндегі алғашқы аялдама Змеиногорск қаласында болған. Бұл жерде қазақстандық коммунистер КПРФ Змеиногорск аудандық комитетінің коммунистерімен жүздескен.

- Алтай өңіріндегі Курья қаласында болдық. Курья қаласында Михаил Калашниковтың музей-үйі орналасқан. Музей қызметкерлері бізге фото және видео түсірілім жасауға рұқсат берді. Сондай-ақ біз Хакасияда болып, Саяногорскіде жергілікті КПРФ бөлімшесінің жетекшісі Олег Савеловпен кездестік. Саяно-Шушенск ГЭС-ін тамашаладық.

Музей Калашникова

Алайда ең әсерлі әрі естен кетпес оқиға – Красноярск өлкесіндегі Шушенское селосындағы саяхатымыз болды.

- Шушенское селосына 1897 жылы Ленин үш жылға жер аударылған, – деп жалғастырды Ә.Шапенов. – Бұл жерде Ленин Надежда Константиновна Крупскаямен отау құрған. Біз бұған дейін «Сибирская ссылка В.И. Ленина» деп аталған «Шушенское» тарихи-этнографиялық музей-қорығын тамашаладық. Музейде Владимир Лениннің кіимдері, кітаптары, жұмыс үстелі, керуеті сақталған. Музейден алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ленин өмір сүріп қызмет еткен дәуірдің лебін сезу – керемет сезім. Осыдан тарихты одан әрі зерттеуге деген құлшыныс пен қызығушылық туады екен. Біз, коммунистер, Қазан революциясының бастауында тұрған тұлғаның қызметі мен жетістіктерін есте сақтап, жастарды тарихпен таныстыруымыз қажет. Экспедицияның бірден бір мақсаты да осы. Экспедицияның енді бір маңызды мақсаты – қоғам назарын Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдық мерейтойына аударту.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика