Home » Партия тынысы, ҚКХП Орталық комитеті » Конституциялық реформа – жарқын болашаққа бастайды

Конституциялық реформа – жарқын болашаққа бастайды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеу жариялағанына бір айдан астам уақыт өтті. Бүгінге дейін еліміздің басты құжатына енгізілуі тиіс ұсыныстар жан-жақты пысықталып, ой елегінен өткізілді. Бұдан былай Президенттің бірсыпыра құзіреті Үкімет пен Парламентке беріледі. Мұның сыртында жергілікті атқарушы билік өкілдерінің жауапкершілігі күшейеді.

ERA_3591+

Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан Республикасының

Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау үшін «Халық коммунистері» фракциясы кеңейтілген отырыс өткізді.

Жиында Мәжіліс депутаты, ҚКХП ОК хатшысы Айқын Қоңыров жаңа реформа еліміздің бірегей саяси тәжірибесі болып табылатынын тілге тиек етті.

ERA_3684+- Біз қазіргі таңда бүкіл әлемде қоғамдық және әлеуметтік үдеріс күрделеніп келе жатқанын көріп отырмыз. Қазақстанда жүріп жатқан конституциялық реформа елдің саяси-экономикалық жағдайын арттырып, әлеуметтік-қоғамдық мәселелердің күрмеуін шешуді көздейді. Мемлекет басшысының Парламенттің қарауында жатқан бастамасы іс жүзінде теңдессіз саналады. Табысты экономикалық саясат жүргізу арқылы халықтың сенімі мен құрметіне ие бола отырып, өз құзіретінің елеулі бөлігін Үкімет пен Парламентке бөліп беру екінің бірінің қолынан келмейтін іс, – деді депутат Айқын Қоңыров.

Оның сөзінше, қарапайым халық Елбасының үндеуін бірауыздан қолдайтынын анық аңғартты. Ал жаңа реформа Парламентке жергілікті атқарушы билікке тікелей ықпал ету құзыретін ұсынып отыр,

Коммунист Жамбыл Ахметбеков конституциялық реформа билік пен халық арасына дәнекер болуды мақсат тұтып отырғанын баяндады.

- Біз бұған дейін билік пен халықтың арасы алшақтап бара жатқанын бірнеше рет айттық. Бұл реформа қос тарапты жақындатып, ортақ алаң қалыптастырады, – деді ол.

Жамбыл Ахметбековтың пікірінше, реформаның жалпыхалықтық талқыға салынуы, оның негізгі ұстанымынERA_3659+ айқындады.

- Мен мұны қоғамды демократияландыру мен халық билігін орнатудың жарқын үлгісі деп білемін. Реформаның қорытындысы Үкіметтің жауапкершілігін арттырып, еліміздің саяси және экономикалық өмірінде Парламенттің рөлін күшейтеді деп үміттенемін, – деді депутат.

Коммунистер дәл қазір Қазақстанға билік тармақтары мен мемлекеттік басқару институттарын жаңғырту қажет екенін жеткізді. Олардың ойынша, 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция өз міндетін толық атқарды. Қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, оған өзгеріс енгізу уақыт талабы.

- Біздің партия мен фракция қазіргі реформаны толық қолдайды. Бұл туралы біз Парламент палаталарының біріккен отырысында да айттық. Біздің партия өзінің сайлауалды бағдарламасында халық билігін орнату қажеттігін айқындаған болатын. Қазір ұсынылып отырған талаптар біздің ұстанымымызға сай келеді, – деді Жамбыл Ахметбеков.

Коммунистердің ойынша, билік тармақтарының қайта бөлінуі Үкімет жұмысын жандандырып, оны халық мүддесін қорғауға бағыттайды. Үкімет бұрынғыдай бағдарлама әзірлеумен шектелмей, оны жүзеге асыруға асығатын болады. Ал мемлекеттік бағдарламаның орындалуын саяси партиялар бақылайды.

Жамбыл Ахметбековтың айтуынша, билік тармақтары бөлінгенімен ел басқару ісінде Президенттік билік сақталады.

- Мемлекет басшысы президенттік билікті сақтау арқылы Конституцияға кепіл болып отыр. Өзгерістерге қарамастан, ел басқару үлгісі бұрынғысынша қалады. Мұны біздің фракция қолдайды. Біз бұл реформа нақты нәтиже беретініне сенеміз», – деді депутат.

Коммунист Магеррам Магеррамов конституциялық реформа жауапкершілік жүгін ауырлататынын айтты.

- Қазір барлығымыз жаңа Қазақстанның негізін қалауға қатысып жатырмыз.

ERA_3645+Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырында Елбасы аса жауапты қадамға барып отыр. Конституциялық реформа  арқылы біз жаңғыру мен жаңарудың келесі кезеңіне өтеміз, – деді халық қалаулысы.

Оның ойынша, жаңа бастама мемлекеттілігіміздің іргетасын бекітіп, саяси тұрақтылығы мен экономикалық қарқынын күшейтеді.

- Біз Мемлекет басшының бастамасын қолдаймыз. Санасы сергек кез келген азамат 25 жыл бойы Қазақстан президенті мемлекетімізді дамытуға жұмыс істейтін бағдарлама ұсынғанын жақсы біледі. Бұған дейінгі жаңғыру жобалары саяси, экономикалық тұрғыдан алып қарағанда сан қырлылығымен және тұрақтылығымен ерекшеленді. Осы жолғы реформа да нәтижелі болатынына сенім мол, – деді ол.

Заң жобасын талқылау барысында «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары аймақтарды аралап, сайлаушылармен жүздесті.

Мәжілісмендердің айтуынша, қарапайым халық Президент ұсынған реформаның еліміздің саяси өмірінде маңызы зор екенін түсініп қана қоймай, оған қолдау білдіріп отыр.

- Біздің фракция Парламенттегі Қазақстан Коммунистік Халық партиясы идеясының негізгі қолдаушысы. Біздің коммунистер мен партияластарымыз фракцияның ойы мен пікірін, бағыты мен ұстанымын бөліседі деп білеміз,- деп түйді ойын депутат.

ERA_3655+

Абылай БЕЙБАРЫС

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика