Home » Астана қалалық комитеті, Партия тынысы » Космонавтика күні партияның астаналық белсенділері мен пионерлері Әскери-тарихи музейде болды

Космонавтика күні партияның астаналық белсенділері мен пионерлері Әскери-тарихи музейде болды

2017 жылдың 12 сәуірінде Космонавтика күніне орай ҚКХП  Астана қалалық комитеті партияның белсенділері мен пионерлер үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейіне экскурсия ұйымдастырды.

img_3262_12118

ҚКХП Астана қалалық комитетінің хатшысы Н.Оразханов өзінің құттықтау сөзінде былай деп атап өтті: – Біздің ел үшін Космонавтика күні – ерекше мереке. Себебі алғашқы космонавт Юрий Гагариннің тұңғыш рет ғарышқа аттануынан кейін Байқоңыр ғарыш айлағы ғарыш кемелерінің орталығына айналды.

Экскурсия барысында келушілер ҚР Қарулы күштерінің даму тарихы туралы ғана емес, қазақстандық ғарышкерлердің ерен еңбектері туралы да білді. Музейде Қазақстанның ғарышкерлеріне арнайы стенд ұйымдастырылған.

Сонымен қатар пионер жетекші Ерсайын Кабдуллин ғарыш кеңістігін бағындырған еліміздің батырлары туралы ақпарат дайындаған: Тоқтар Әубәкіров – 72-ші және КСРО-ның ең соңғы ғарышкері, қазақтан шыққан  алғашқы ғарышкер, Қазақстан ӘӘК генерал-майоры, Жоғары Кеңестің XII шақырылымының депутаты,  Қызылорда облысының №44 сайлау округынан Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Кеңес Одағының батыры, КСРО-ның құрметті сынаушы ұшқышы, Қазақстан Республикасының құрметті спорт шебері.

Ұшқыш-космонавт Талғат Мұсабаев 15 наградаға және «Халық қаһарманы» атағына лайықты болған, Гиннес рекордтар кітабына енген – ол бір тәулік бойы ашық космоста болған.  1991 жылдың 22 қазанынан бастап І топтағы сынаушы ғарышкер. 1999 жылдың 9 шілдесінен бастап топ командирі, нұсқаушы-ғарышкер-сынаушы. Қазіргі кезде ғарышкер Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы қызметінде. Айдын Аимбетов – қазақ ғарышкері, ғарышта болған алғашқы Қазақстан Республикасының азаматы, әлемнің 545-ші ғарышкері. Қазақстанның Халық қаһарманы (2015),  Қазақстан ӘӘК генерал-майоры. 2015 жылдың 2 қыркүйегінде  бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанған. Жерге «Союз ТМА-16М» ТПК-мен оралған. Ұшу ұзақтығы 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секундті құраған».

ҚКХП Астана қалалық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика