Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » ҮЛКЕНДЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ҮЛКЕНДЕРГЕ ҚҰРМЕТ

4 қазан күні Алматы қаласының халық коммунистері партия және еңбек ардагерлерін, денсаулық сақтау, өнер және білім беру  салаларының бұрынғы қызметкерлерін Қарттар күнімен құттықтады.

День пожилых

БҰҰ бастамасымен жыл сайын қазан айының басында әлем бойынша Халықаралық қарттар күні аталып өтіледі. Мақсат – қоғам назарын егде жастағы адамдардың мәселелеріне аударту.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі кезде әлемде жастары 60-тан асқан 700 миллион адам бар. 2050 жылға қарай олардың саны екі миллирдқа жетіп, дүниежүзі адамдарының 20 пайызын құрайтын болады.

Қазақстанда 1,9 миллион зейнеткер бар. Қазақстандық зейнеткерлер еңбек өтілі мен ел алдындағы қызметіне қарамастан минималды зейнетақыға күн көріп отыр. Минималды зейнетақы 38000 теңгені құрайды.

Алматылық коммунистердің ардагерлер үшін жайған дастархандары мен концерттік бағдарламалары қонақтардың көңілінен шықты. Шақырылған қонақтар ән салып, би билеп, өздерінің өлеңдерін оқыды.

Ардагерлерді ҚКХП Алматы қалалық комитетінің басшылығы мен мерекенің ұйымдастырылуына үлкен үлес қосқан қалалық комитеттің белсендісі Гүлдана Нұрпейісова құттықтады.

- Шын жүректен бүгінгі мерекемен құттықтаймыз! Бұл күн еліміздің дамуы мен қалыптасуына елеулі еңбек еткен адамдарға назар аударуға үндейді. Құрметті зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері! Айналаңыз қамқорлыққа толы болсын. Көңілдеріңізге кірбің түспесін. Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, балаларыңыз бен немерелеріңіздің махаббатын тілейміз!- деп құттықтады Гүлдана Хасенқызы.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика