Home » Батыс Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » Ұлы мереке, үлкен қасірет

Ұлы мереке, үлкен қасірет

9 мамыр күні ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде ҚКХП партиялық активінің жиналысы өтті. Бұл жиында партияның белсенділері мен еңбек ардагерлеріне Жеңіс күні мерекесіне арналған құттықтау хаттар табысталды.

9 мая-2

Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов өзінің құттықтай сөзінде: – Осынау мереке күні біз өздерінің еңбектері мен белсенді ұстанымдары арқылы тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуына, халық арасында ҚКХП идеясының кеңінен таралуына үлес қосқан партияның барлық мүшелеріне және ардагерлеріне алғысымызды айтамыз,- деді.

Жиналыстан кейін партияның  бір топ белсенділері Қазақстан Коммунистік Халық партиясының атынан Ұлы Отан соғысының батырлары ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Жеңіс күні – Кеңес Одағының халқына құлдық құрамыз деген фашистік агрессияны жеңген күн ғана емес, сонымен қатар Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алу күні. Осы күні әркім сұрапыл соғыста қаза болған жақындарын еске алады, дұға тілейді. Сондай-ақ фашизмді жеңу коммунистер партиясының жетекшілігімен, нацистік идеологияға қарсы тұрған әлеуметтік әділдік пен интернационализм идеясының арқасында жүзеге асқандығын ұмытпау керек»,- деді С.Жарлығасымов.

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика