Home » Партия тынысы, ҚКХП Орталық комитеті » МӘЛІМДЕМЕ

МӘЛІМДЕМЕ

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиясы ретінде ЛДПР партиясының атынан РФ Мемлекеттік Думаның депутаты Павел Шперовтың Қазақстанның территориялық тұтастығына күмән келтірген арандатушылық негіздегі мәнсіз мәлімдемесіне қарсылық білдіреді.

Мемдуманың ТМД, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс  істері бойынша комитетінің мүшесі ретінде П.Шперовтың мәлімдемесі 2017 жылдың 26 қаңтарында Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думаның парламенттік отырысында жарияланды. Көрші елдің территориялық тұтастығы туралы ойлар мемлекеттің жоғары заң шығарушы органында айтылуы таң қаларлық жағдай. Бұл жерде Мемдуманың қабырғасында ресми немесе ресми емес іс-шара болғандығы маңызды емес.

Ресми көзқарас бойынша Шперов мырза жалпы Ресей Федерациясының ұстанымын білдіре алмайды. Дегенмен қазіргі заманғы геосаяси бояудағы мағынасыз тарихи экскурстар қазақ жұртшылығының наразылығын тудырмауы мүмкін емес.

РФ Мемлекеттік Думаның ТМД, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс  істері бойынша комитет басшысы  Леонид Калашников (КПРФ өкілі) дөңгелек үстел жұмысы барысында және оның соңында Қазақстанның территориялық тұтастығына қатысты мағынасыз ойларды кінараттайтынын айтты.

Сонымен қатар Ресей заң шығарушы органының депутатына сай емес сыртқы саяси ұстаным үшін шынайы  бағаны тиісті ресми органдар беруі тиіс. Ресей жағы (Шперов мырза өкілі болып табылатын партия ғана емес, РФ Мемлекеттік Дума да) бұл жағдайға тек қана түсініктеме бермей, ресми баға беруі міндет. Орын алған жағдайда (мұндай арандатушылықты болдырмас үшін) жоғары деңгейде мемлекеттік алаңдаушылық білдіру қажет. РФ Мемлекеттік Думаның халықаралық істер бойынша комитетінің басшысы Леонид Слуцкий (ЛДПР өкілі)  «Мемдумада Ресей мен Қазақстанның шекарасын қарастыру туралы идея ешқашан айтылған емес» деп мәлімдеді. Дегенмен РФ Мемлекеттік Дума депутаты Шперов мырзаның «империялық» шекараларға қайта оралу туралы бұқаралық үндеуі айтылды. РФ Сыртқы істер министрлігі осы жолы да сыртқы істер мәселесі бойынша тек қана Ресей Президенті мен Ресей Үкіметінің өкілі ғана сөз сөйлей алады деген мәлімдемемен шектелді.

Кез келген мемлекеттік қайраткер Қазақстан мен Ресей қазіргі таңда және болашақта да стратегиялық серіктестер екендігін тек қана назарға алмай, нақты ұғынып алуы тиіс.  Бұған 25 мамыр 1992 жылғы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы  достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы келісім және ХХІ ғ. 11 қараша 2013 жылғы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы  арасындағы көршілік пен одақтастық туралы келісім негіз болады. Дос елдердің қарым-қатынасына іріткіні  тек қана «ойлардың әміршісі» атағына үміткер, ақиқаттан алшақ саясаткерлер салуы мүмкін.

Танымалдылығы аз адамның мәлімдемесін елеусіз қалдыруға болар еді, бірақ бұл жағдайда либерал демократтар партиясының қатардағы мүшесінің пікірі ғана емес, РФ заң шығарушы органы мүшесінің, яғни халықаралық құқық ережелері бойынша ресми мәртебеге ие тұлғаның пікірі жарияланы. Мұндай жайт бұған дейін де ЛДПР-дың бірінші тұлғалары мен кейбір аймақтық депутаттардың тарапынан орын алған болатын. Осыған орай мұнда        й арандатушылықтарға қатысты Ресей тарапының ресми ұстанымы белгілі болуы тиіс. Сондай-ақ Қазақстанның территориялық тұтастығына қол сұғушылық деп танылатын шекараны қайта қарастыру туралы ұсыныстар шығаратындарға принципшіл баға берілуі міндет.

 Қазақстан Коммунистік Халық партиясы мұндай тенденцияларға және қандай саяси ұстанымда болмасын саясаткерлердің шектен шығуына қарсылық білдіреді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі және территориялық тұтастығы ешқандай күмән келтірмейтіндігін нақты мәлімдейді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

Орталық Комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика