Home » Павлодар облыстық комитеті, Партия тынысы, ҚКХП Орталық комитеті » Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров жұмыс сапарымен Павлодар облысында

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров жұмыс сапарымен Павлодар облысында

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров Павлодар облысындағы сайлаушылармен кездесті.

DSC_0939

17 шілде күні коммунист «Самал» Оңалту Орталығының» қызметкерлері мен басшылығымен және тәрбиеленушілері мен бенефициарларымен кездесті.

«Самал» Оңалту Орталығы» Мүгедектердің Қоғамдық Бірлестігі мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің, жалғыз өмір сүретін қарт адамдардың қоғамдағы әлеуметтік бейімделуі мен интеграциясымен  айналысады.

«Самал» ОО» МҚБ инклюзивті интеграция технологияларын пайдалана отырып, 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. «Самал» орталығы мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарын қорғау және қолдау мақсатында түрлі халықаралық және республикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырады.

«Самал» орталығында Қазақстан мен шетел мамандарының қатысуымен тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттыруға арналған іс-шаралар өткізіледі.

«Самал» орталығында мәжілісмен Монгерми әдісіне негізделген кабинетте, физиотерапия кабинетінде, компьютерлік сыныпта, «Алтын уақыт» пансионатында болды. Кейін депутат кездесуге келген қатысушылардың ұсыныстары мен шағымдарын тыңдады.

Дәл осы күні «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының мүшесі ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің активімен кездесті.

18 шілде күні халық қалаулысы көздері нашар көретін және зағип жандарға арналған  мамандандырылған облыстық кітапхананың ұжымымен кездесті. Кездесу барысында А.Қоңыров мекеменің жетістіктерімен танысып, кітапхана қызметкерлері мен келушілердің мәселелерімен танысты.

Ауыл шаруашылығы және коммуналды  техникаға арналған аспалы құрылғылар өндіретін «Дафа» ЖШС басшылығы мен ұжымымен кездесу барысында коммунист жоғары технологиялық өнім шығарумен айналысатын жергілікті өндірушілердің мәселелерімен етене танысты. Серіктестіктің директоры Қайырбек Селиканов депутатқа мембағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үдерісін реттейтін органдарға деген шағымдарын айтты. Фирма басшысы депутатты өндіріс цехтарымен таныстырып шықты.  Депутат технологиялық үдерістер, техникалық тетіктер мен шығарылатын өнімнің ерекшелігіне қызығушылық танытты.

Екі күн ішінде депутат А.Қоңыровпен  80-нен астам азамат кездесті. Қала тұрғындары Семей ядролық полигонына жақын орналасқан  аймақ тұрғындарына қатысты жеңілдіктер, кітапхана ісі туралы заң бойынша бастама көтеру, зағип жандар мен көздері нашар көретіндерге қатысты әлеуметтік қолдау мен көмек, кітапхананың аудиоқорын цифрлауды қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді қаржыландыру және жергілікті өндірушілердің мүддесін қорғау сияқты өзекті мәселелерді көтерді.

Депутат Айқын Қоңыровтың Павлодар облысындағы жұмыс сапары жалғасуда.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика