Home » Астана қалалық комитеті, Партия тынысы » «Об огнях – пожарищах, о друзьях – товарищах» кітабының таныстырылымы өтті

«Об огнях – пожарищах, о друзьях – товарищах» кітабының таныстырылымы өтті

2017 жылдың 3 мамырында ҚКХП Астана қалалық комитеті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҰОС ардагері Мария Ивановна Полторацкаяның естелік кітабының тұсаукесерін өткізді.

yqW1001bnuQ

«Об огнях – пожарищах, о друзьях – товарищах» атты туынды автордың соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі өмірін баяндайды. Іс-шараға тыл ардагерлері мен университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Бірінші курс студенттері «Где же вы теперь друзья-однополчане» әнімен ардагерлерді қызыл кілемнің үстімен орыс филологиясы кафедрасының Пушкин аудиториясына апарды. Кездесу алдында ардагерлерді фотосуретке түсіріп, таныстырылым соңында қонақтарға дайын фотосуреттер табысталды.

Астаналық комитеттің бірінші хатшысы өз сөзінде оқытушылар мен студенттерге қонақжайлылықтары үшін алғысын білдіріп, қазіргі заманда жастардың  рухани тәрбиесінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде осындай іс-шаралардың қажеттілігін айтты.

Студенттер өлең оқып, ән айтып, гитарада ойнап шағын концерттік бағдарлама көрсетті.

Студенттерден кейін қалалық комитеттің белсендісі, кітаптың мәтінін терген және безендірген  Н.Сәлімбаева М.Полторацкаяның туындысын таныстырды.

Мария Ивановна ұйымдастырушыларға алғысын айтып, майданға қалай барғаны туралы айтып берді: – Соғыс басталғанда мен 17 жаста болдым, менің ағам училище бітіріп майданға кетті. Менің де барғым келді, бірақ мені алмады. Мен анама: «Мен жау келіп мерт қылғанша күтпеймін, мен Отанды қорғауға аттанамын» дедім. Мен әскерге шақырылғандарды алып кетіп бара жатқан поезға жасырын мініп кеттім.

Таныстырылымнан кейін ардагерлерді мейрамханада жайылған дастархан күтіп тұрды.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан Нұрсұлу Сәлімбаева мен Гаухар Өтелбаеваға және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың оқытушылары мен студенттеріне алғыс білдіреді.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика