Home » Ақмола облыстық комитеті, Партия тынысы » Олигархтар жермен не істеп жатыр?

Олигархтар жермен не істеп жатыр?

Ақмола облыстық комитеті бюросының кеңейтілген  отырысында облыстың жер қоры мәселесі кеңінен талқыланды. Жер ресурсы мәселесін 8-9 қаңтар күндері облыстың барлық аудандық саяси ұйымдары қарастырған болатын. Облыстық комитет бюросына Ақмола облысындағы жер қыртысы ресурсының жағдайы мен жер қатынастары туралы екі анықтама дайындалды.

 Жер ресурстарын пайдалану туралы ақпаратпен еңбек ардагері, гипроземнің тәжірибелі маманы Вениамин Соловьев сөз алды. Ол өз сөзінде Қазақстанның бар байлығы жерде екендігін атап өтті. Ақмола облысында 1 миллион астам гектар жер қараусыз жатыр. Жыл сайын жер қыртысының сапасы төмендеп келеді. Мұның барлығы «астық компанияларының» жер үлестерін тиімді пайдаланбаудың салдарынан болып отыр. Олигархтардың мақсаты миллиардтап ақша табу, жер мәселесіне ешкім көңіл аударып отырған жоқ. Кейбір жерлерде көңнің жойылуы 15 пайызды құрап отыр.

В.А. Соловьевтен кейін білікті агроном Валентина Ермакова сөз сөйледі. В. Ермакова жер мәселесі деп жер қыртысын мөлшерден артық  химиялау және агротехникалық жұмыстарды дұрыс атқармау деп түсіндірді.

Ол астық алпауыттары агротехникалық және егу жұмыстарына шығындалмай, астықтың табысын химиялық әдіспен арттыру арқылы жүргізетінін соның салдарынан жер қыртысының құнары жойылатынын жеткізді.

В.  Ермакова дер кезінде химияға теріс қарап, ғылыми агрономияға бет бұрмайтын болсақ,  қазақстандық асыраушы көңіл көншітпейтін жағдайға тап болатынын атап көрсетті.

Жер ресурсын бей-берекет пайдалансақ, кәсіби нан әлемі аса жоғары бағалайтын қазақстандық бидайды  жоғалтып алуы мүмкін.

Ары қарай сөз кезегі басқа қатысушыларға тиді. Олар күнделікті тіршілікте жерге деген көзқарастың тиісті дәрежеде емес екендігіне тоқталып, жер мәселесіне, ауыл шаруашылығы өнімдеріне, оның ұйымдастырылуы мен экономикалық құрылымына мемлекет деңгейінде назар аударылуы қажет екендігін баяндады.

Облыстық комитет хатшысы Раиса Балахонцева аталмыш сұраққа  қатысты аудандардағы ақпараттарға және коммунистердің жер қатынастарына қатысты  ортақ пікіріне шолу жасады.

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бюросы партияның Қазақстандағы жерге қатысты сұрақтарды стратегиялық маңызы бар мәселе ретінде шешу туралы мәлімдемесін бірауыздан қолдады.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

9  қаңтар 2015 жыл

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники