Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » Отан қорғауға дайынбыз!

Отан қорғауға дайынбыз!

5 мамыр күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінде Отан қорғаушылар мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.

858

Іс-шараның модераторы ҚКХП АҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапенов өз сөзінде: – Мен мемлекеттік мерекенің тарихы туралы айтып өткім келеді. Қазақстанда Отан қорғаушылар күні 7 мамыр күні атап өтіледі. Бұл күні 1992 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойған. 2012 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заңға толықтырулар енгізу туралы» ережені қарастырды және қабылдады. Ережеге сәйкес, 7 мамыр ресми түрде мемлекеттік мереке және демалыс күн болып жарияланды. Мен Чехославакияда әскери борышымды өтедім. Кез келген уақытта Отан қорғауға әзір екенімді айтқым келеді. Қалалық комитеттің барлық ер азаматтарын шын жүректен мерекемен құттықтаймын!

Сонымен қатар екінші хатшы Лейла Төлеуғалиева мен Жастар қанатының мүшелері Бауыржан Сайдахметов пен Абзал Әуелбеков те мерекелік құттықтауларын жеткізді.  Тілекпен қатар партиялық бөлімшенің әйелдер қауымы   ер азаматтарға ҚКХП-ның белгісі бар саптыаяқтар табыстады.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика