Home » Павлодар облыстық комитеті, Партия тынысы, ҚКХП Орталық комитеті » Павлодар облысының кәсіпкерлері мен мүгедектері депутат А. Қоңыровпен өзекті мәселелерді талдады

Павлодар облысының кәсіпкерлері мен мүгедектері депутат А. Қоңыровпен өзекті мәселелерді талдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров Павлодар облысындағы жұмыс сапарын Екібастұз қаласында жалғастырды.

20 шілде күні халық қалаулысы «Эк Трейд» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті. Депутат кәсіпорынның жұмысымен танысып, жұмысшылар мен басшылықтың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген басты мәселелердің бірі мемлекеттің несие-қаржылық саясаты болды. Өндірісті ұйымдастырудың бірқатар процессуалды шаралары жеңілдетілген, қағазбастылық азайған, бірақ әлі күнге дейін жер қатынастарын рәсімдеу, жеке меншік актісін алу және т.б. барысында қиындықтар орын алып отыр. Шағын және орта бизнестің басты мәселесі – несие қаражатының қымбатшылығы, ұзақ мерзімді арзан несиенің жоқтығы, кепілдік жүйесінің күрделілігі және т.б.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобын қорғау – ҚКХП қызметінің басты басымдықтарының бірі. Сондықтан мәжілісмен  Мүгедектердің қоғамдық бірлестігі «Каримов и К» ұжымының тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты. І топтағы мүгедек, ұйымның директоры Ф.Каримов жоғарыдан көмек күтпей өзі әрекеттенуге дағдыланған. Сонымен қатар ол жұмыс істеуге ниеті бар мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жұмысқа шақырады. Қоғамда мүгедектердің жәрдемақысына қосымша табыс түсіретін киім тігетін салон мен аяқ-киім жөндейтін шеберхана да жұмыс істейді. Қоғамның алдағы мақсаты мүгедектерді оқытатын оқу курстарын ашу болып отыр. Ұжымның негізгі тілектері мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жәрдемақы көлемін көбейту және осы санаттағы азаматтар үшін коммуналды қызмет төлеміне жеңілдіктер бекіту болды.

Жұмыс сапары барысында депутат шаруа қожалықтарының жетекшілерімен, ауыл шаруашылығы кооперативтерімен, жеке кәсіпкерлермен және азаматтармен кездеседі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика