Home » Ақмола облыстық комитеті, Партия тынысы » Рахмет, ҚКХП!

Рахмет, ҚКХП!

IMG_2859Бүгін ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің кеңсесінде ерекше іс-шара өткізілді. Оған қатысуға коммунистер, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған қала тұрғындарын қайырымдылық сыйлықтары күтіп тұрды.

«Шапағат» жобасы аясында халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына арналып «Рахмет-Спасибо» дүкені  ашылды.   Облыстық комитеттің жұмыс кабинеті азық-түлік салынған пакеттер мен киімдерге лық толы болды. Бұл дүкеннің бір ерекшелігі –  шығындалу қажет емес. Барлық заттар мен киімдер тегін үлестіріледі. Қала тұрғындары бұл бастамаға жақсы қолдау көрсетті. Қажет емес заттар мен киімдерді әкеліп тапсырды.  Бұл туралы облыстық комитеттің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов айтып берді. Ол бұл жоба ҚКХП-ның Мәжілістегі депутаты Айқын Қоңыровтың бастамасымен іске асырылғандығын да атап өтті. Жоба қазір  еліміздің бірнеше қалаларында жұмыс істеп жатыр. Осы уақыт ішінде қиын экономикалық жағдайға тап болған адамдарға, жалғызбасты аналар мен зейнеткерлерге, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді. Дүкен тұрақты жұмыс істейтін болады. Материалдық көмектен басқа коммунистер заңгерлік кеңес те береді.

Облыстық комитеттің хатшысы Раиса Балахонцева да өз сөзінде жобаның басты мақсаты мен қызметі туралы айтып берді. Келушілер өздеріне қажетті заттарды таңдап, коммунистерге алғыстарын білдіріп жатты.

Қайырымдылық – ізгіліктің бастауы. Өзгенің қиын жағдайын сезіне білу, оған қол ұшын соза білу – адамгершіліктің белгісі.

ҚКХП Ақмола ОК

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика