Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » СӘН ҮЙІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

СӘН ҮЙІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

ҚКХП Алматы қалалық комитетінің белсенділері Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күніне орай танымал дизайнер, суретші, стилист Құралай Нұрқаділованың «Kuralai» авторлық  сән үйінде болып қайтты.

Куралай Нуркадилова

Қалалық комитеттің белсенділері дизайнерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық және коммерциялық табыс тіледі.

Құралай Нұрқаділованың орынбасары Евгения Паширова өз сөзінде: – Біз осы күнгі жетістігімізге оңай жеткен жоқпыз. Құралай екуіміз кіші-гірім цехтан бастадық. Біздің шығармашылығымыз бәсекеге қабілетті болғандықтан, біз  үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.  Ешқандай мемлекеттік қолдаусыз, өзіміздің қаражатымызбен іске кірістік,- деп айтып өтті.

Шоу-румның қызметкерлері отандық жеңіл өнеркәсіптің қазіргі кездегі ахуалы мен  қиындықтары туралы да тілге тиек етті. Сондай-ақ, қалалық комитеттің бикештері ағымдағы маусымның сән үлгілері туралы ақпарат әрі кеңес алды.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика