Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » СҮРІЛГЕН ҮЙДІҢ ӨТЕМАҚЫСЫ НЕГЕ АЗ?

СҮРІЛГЕН ҮЙДІҢ ӨТЕМАҚЫСЫ НЕГЕ АЗ?

Депутаттардың аймақтардағы сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова Алматыда 2017 жылдың аяғында үйлері сүрілетін  Сейфуллин, Фурманов және Жансүгіров көшелерінің тұрғындарымен кездесті. Жеке меншік баспана иегерлерінің өтемақы көлеміне көңілдері толмай отыр. Олардың ойынша, нысандар нарықтағы бағаға сай емес.

Vstrecha-zhitelej-snosimy-h-domov-so-Smirnovoj-

Алматыдағы жаңа көлік жол айырығы Райымбек және Сейфуллин даңғылдарын жеңілдетеді. Жол айырығының құрылысы үшін билік тұрғындардан үйлермен бірге жер телімдерін сатып алмақшы. Барлығы 72 жер телімі. Мүлікті күштеп айырудың мерзімі 31 желтоқсан 2017 жыл болып белгіленді. Нысанды пайдалануға 2018 жылдың соңында беру жоспарланған.

Алайда мемлекеттің тағайындап отырған өтемақысына тұрғындардың көңілі толмай отыр. Алматылықтар наразылық жиналыстарын өткізіп, журналистер мен қоғам қайраткерлерінен көмек сұрауда.

Халық коммунистері шиеленісті шешуге бел буып отыр. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова тұрғындармен кездесу өткізді. Диалогқа ҚКХП Алматы ҚК басшылығы, құқық қорғаушылар, адвокаттар, заңгерлер мен баға белгілеушілер қатысты.

Алматылықтардың ұстанымын заңгер Василий Резван түсіндіріп берді:

- Біз «ИПК «Гранд Проект» ЖШС бағалаушы компаниясы барлық 72 меншік иелеріне қатысты төмен және әділетсіз баға бергендігіне сенімдіміз. Бұл заңсыз әрекет әшкерленіп отыр. Мысалы, Алматы қ. Жер қатынастары басқармасы (әрі қарай – Басқарма) Рузибакиева Гүлқыз Майдановнаның атына хабарлама жіберген. Онда мемлекеттік қажеттілік үшін күштеп алынатын мүліктің құнын 30.06.1999 ж. сатып алу-сату келісім-шартына негізделе отырып 300 000 теңге деп бағалаған.

Осы іспеттес басқа фактілер де анықталып отыр – Молжігітова С. (мүліктің бағалануы – 13 608 319 теңге, келісім-шарт – 153 484 теңге), Игенбаева К. (бағалануы – 9 401 131 теңге, келісім-шарт – 181 632 теңге), Ғалиақбарова И. (бағалануы – 15 387 419 теңге, келісім-шарт – 360 256 теңге), Щедрова Н. (бағалануы – 11 541 836 теңге, келісім-шарт – 2 000 000 теңге), Маубасова Р. (бағалануы – I5 393 695 теңге, келісім-шарт – 714 296 теңге), Мищенко В. (бағалануы – 11 162 260 теңге, келісім-шарт – 4 736 000 теңге), Лебедева И. (бағалануы – 15 422 658 теңге, келісім-шарт – 2 402 100 теңге) және т.б.

Сонымен қатар заңгерлер заңнамаға сай мемлекеттік қажеттілік үшін күштеп алынатын жер телімінің құны жер телімі мен онда орналасқан мүліктің құны көлемінде анықталады деп белгілеп отыр.

- Осылайша, Рузибакиева Г.М және т.б. атына жіберілген келісім-шарт жобасында есептеу әдісі жер телімдеріне ғана қатысты жасалынған деген болжам бар. Үй келісім-шарт жобасында белгіленгенмен, оған өтемақы ұсынылмаған, – дейді құқық қорғаушы.

В.Резван бюджетте тиісті  өтемақыға қажетті қаражат барына сенімді:

- Республикалық бюджеттен Алматыға өтемақы төлеу үшін 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінгендігі ешкімге құпия емес. Бұл сомма былтыр жарияланған және меморгандардың өкілдерімен расталған. 7 миллиард теңгенің аспаннан алынбағаны айдан анық.

Өтемақыға қатысты шиеленіс қолдан жасалынып отыр. Негізі бір мезетте шешуін табатын мәселе.

Өз кезегінде депутат И.Смирнова: – Мүлікті күштеп алудың басты ұстанымы мүліктің орнын теңдей толтыру болып табылады. Біздің фракция Парламентте осы мәселені жиі көтереді. Жуырда менің әріптесім депутат Магеррам Магеррамов өзінің депутаттық сауалында мемлекеттік қажеттілік үшін күштеп алынатын мүлікке тиісті өтемақы төлеу мәселесін көтерді. Шынымен, кейбір отбасыларға үш бөлмелі үй мен үш сотық жерге небәрі 2000 доллар ұсынып отыр. Бұл дұрыс емес! Бұл нарықтағы бағадан едәуір төмен. Біз бұл жағдайды реттеп, шиеленісті шешуге көмектесеміз.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика