Home » Партия тынысы, Шығыс Қазақстан облыстық комитеті » ШҚО коммунистері «Қазақстанның ұлттық бірегейлігі» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді

ШҚО коммунистері «Қазақстанның ұлттық бірегейлігі» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді

2 тамыз күні Өскемен қаласында ҚКХП ШҚОБ-ның кеңсесінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талдау мақсатында қоғамдық пікірталас өтті.

20170802_110349 (1)

Отырысқа  Ішкі саясат және Білім  беру басқармаларының, «Нұр Отан» саяси партиясы облыстық бөлімшесінің, «Поколение» қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен ҚКХП белсенділері қатысты. Кездесудің тізгінін Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы Сергей Михеев басқарды.

- Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық сананы жаңғырту бойынша бастамасы қазақстандықтар арасында үлкен қолдауға ие болды. «Болашаққа бағдар» – жай ғана бағдарламалық құжат емес, бұл- рухани жаңғырудың ауқымды жобасы, қазақстандық қоғамның идеологиялық даму тұғырнамасы,- деді өз сөзінде Сергей Михеев.

Кейін Облыстық ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары Олег Чугунков сөз алды. Ол облыстық атқарушы биліктің мақсаттарға жету жолында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Әсіресе білім беру саласында – үш тілді бағдарлама бойынша ұстаздарды қайта даярлау, тегін кәсіби-техникалық білім берудің негізін құру; мәдениет саласында – «Туған жер» бағдарламасы, археологиялық жобалар, «Қазақстанның рухани қазынасы» жобасы, «Туған жерге тағзым» акциясын жалғастыру және т.б.

Аркадий Исаев, Облыстық білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары орта мектептердегі оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға бағытталған іс-шаралар туралы айтты. «Путь преображения и гармонии» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бахтияр Төлеутаевтың баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды. Ол қоғамдық және жеке сананың жаңғыруына қатысты өзінің жеке ойымен бөлісті.

Сергей Михеев қоғамдық сана мен жеке адамның жауапкершілігін арттыру жолында облыстық халық коммунистерінің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Ол ҚКХП-ның «Құрметтейді, қастерлемейді!», «Шапағат» жобалары мен қазіргі кезде жаңғырып жатқан «Қозы Көрпеш- Баян сұлу күні» сияқты ұлттық мерекелерді атап өту туралы айтып берді.

Отырыс соңында қатысушылар  Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту бастамасы Президенттің және Үкіметтің нұсқауы бойынша ғана іске аспауы тиіс, ол әрбір қазақстандықтың қолдауына ие болуы керек деп қорытындылады.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика