Home » Партия тынысы, Шығыс Қазақстан облыстық комитеті » ШҚО коммунистері журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

ШҚО коммунистері журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

28 маусымда ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде аймақтық БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді.

334

Халық коммунистері «FLASH» облыстық газетінің тілшілері Анжелика Багирова мен Айзада Әділбаеваға, «Рудный Алтай» облыстық газетінің бөлім меңгерушісі Ержан Әбішевке, «Атамекен» облыстық телеарнасының тілшісі Юлия Студенкова мен телеоператор Қайрат Берузбекке және облыстың мерзімді басылымдарына тұрақты мақала жазатын автор Эдуард Датчиковке ерекше ықылас танытты.

«Сіздер қоғамға қажетті әрі пайдалы іс атқарасыздар. Сіздер арқылы аймақ тұрғындары барлық ақпараттан хабардар болып отырады. Сіздердің табандылықтарыңыздың арқасында өмір сапасын жақсартуға қатысты өзекті  мәселелер шешіледі. Сіздер билік пен халық арасына алтын көпір бола білесіздер.

Біз, халық коммунистері өздеріңізге жақын болуға, сол арқылы халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға тырысамыз. Журналистердің кәсіби мерекесінде өздеріңізге сарқылмас күш-қайрат пен таусылмас ерік-жігер, бақыт пен береке, шаттық пен табыс тілеуге рұқсат етіңіздер. Дендеріңіз сау, бастарыңыз аман болсын. Отбасыларыңызда беделді, жұмыста абыройлы болыңыздар!» – деді ҚКХП ШҚ ОК бірінші хатшысы

Шыңғыс Байдаулетов.

ҚКХП ШҚ ОК баспасөз орталығы 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика