Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » ҰШҚЫШТАР ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ ЖАСЫН ТӨМЕНДЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ

ҰШҚЫШТАР ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ ЖАСЫН ТӨМЕНДЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ

Депутаттардың аймақтарға сапары аясында  ҚКХП-ның Парламент Мәжілісіндегі депутаты Ирина Смирнова Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде Қазақстан Республикасы азаматтық авиация ардагерлерімен кездесті.

Smirnova-v-gorkome-na-vstreche-s-letchikami

Сонымен қатар депутат-коммунист И.Смирновамен кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты: Алматы қ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті директоры міндетін атқарушы Айдынжан Нарматов, ҚР Азаматтық авиация комитеті Ұшуды пайдалану басқармасының жетекшісі Көпбосын Тоқпақбаев.

Ұшқыш-ардагерлер халық қалаулысына ұшқыштар құрамын зейнеткерлікпен қамту мәселесіне қатысты шағымдарын айтты. Қазақстанда азаматтық ұшқыштарға ешқандай зейнеткерлік жеңілдіктер қарастырылмаған, олар барлық азаматтар сияқты 63 жаста зейнеткерлікке шығады. Бұған дейін ұшқыштар еңбек сіңірген жылдар бойынша қазіргі бекітілген жасқа қарағанда ертерек зейнеткерлікке шығатын.

Ұшқыштар депутат атына жазбаша өтініш дайындаған. «Ұшу барысында ұшқыштар құрамының ағзасы үлкен қысымға ұшырайды, ол денсаулыққа үлкен әсер тигізеді. КСРО ыдырағанға дейін зейнеткерлікке шығу жасы экипаж мүшелерінің ұшу сағатына байланысты анықталатын.

Зейнетақыны тағайындаудың бұл тәсілі ТМД елдерінің барлығында сақталған. Ал біздің елде зейнеткерлікке шығу үшін ұшқыш 63 жасқа дейін ұшу қажет. Бізбен бір түрдегі әуе кемелерінде ұшатын және жеті-он есе аз сағат ұшатын әскери авиацияның ұшқыштар құрамы азаматтық авиация ұшқыштарына қарағанда зейнеткерлікке ерте шығады. Бірақ олар ешқандай әскери іс-қимылдарға қатыспай, біз сияқты әуе кемелерінде ұшады» – делінген хат мәтінінде.

Авиация ардагері Мақаш Әбішев:

– 63 жасқа дейін ұшқыштардың денсаулығының сыр бермеуі екіталай. Біз үнемі медкомиссиядан өтеміз, денсаулығымыздан бір кінәрат табылса, жұмыстан босатыламыз. Ұшқыштар ағзасының төзімділігі 50 жаста да, 55 жаста да сарқылуы мүмкін.

Көптеген ұшқыштар 63 жасқа дейін жұмыс істей алмай, жарамсыз деп танылады. Сөйтіп ұшқыштар жалақысыз, зейнетақысыз, әлеуметтік қолдаусыз  қалады. Азаматтық ұшқыштар үшін зейнеткерлік жасты азайтып, әскери ұшқыштармен теңдестіру қажет.

Кездесуде азаматтық ұшқыштар үшін зейнеткерлікке шығу жасты азайтудан басқа авиация саласындағы кадр тапшылығы, медициналық қызмет алу мүмкіндігі және өзге де өзекті мәселелер көтерілді.

ҚКХП Алматы қалалық комитетінің мүшесі және белсендісі Гүлдана Нұрпейісова өз ойын ортаға салды: «Біздің зейнеткерлік туралы заңнамамызды өзгерту қажет, ұшқыштар, денсаулыққа зиянды өндірісте жұмыс істейтіндер сияқты жеке  топтардың мүддесін ескере отырып. Коммунистердің 2013-2014 жж. қазақстандық әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеруге қарсы шыққанын білеміз. Нәтижесінде реформа кейінге шегеріліп, жасты ұлғайту кезеңмен жүретін болды. Сондықтан коммунистер ұшқыштардың да мәселесін күн тәртібіне қояды дегенге сеніміміз мол».

Өз кезегінде депутат Ирина Смирнова, бұл мәселені назарға алып, Парламент Мәжілісінің жаңа сессиясында Қазақстанның авиация қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша депутаттық сауал даярлауға уәде берді.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика