Home » "Шапағат" Халықтық жобасы, Партия тынысы » “ШАПАҒАТ” – адамгершіліктің үлгісі

“ШАПАҒАТ” – адамгершіліктің үлгісі

Кез келген істі бастау қиын. «Шапағат» қайырымдылық жобасының іске қосылғанына бір жыл болды. Жоба авторларының осыдан бір жыл бұрынғы үрейі сейілді. Себебі идея халық арасында үлкен қолдауға ие болды. Біздің елімізде халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын адамдар, өкінішке орай көп. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған, өмір соққысын көтере алмаған жандар материалдық та, моральдық та көмекке зәру болып жатады.

астана4

Көмек көрсеткісі келген азаматтар бұған дейін  алаяқтардың арбауына тап болғандықтан, әу баста сенімсіздік танытады. Қолдау ретінде берген қаржылай көмектері тиісті жерге жетпей жатқан оқиғалар жетерлік. «Шапағат» жобасы мұндай іс-әрекетті құптамайды. Барлық киімдер мен азық-түлік тәртіп бойынша тиісті адамдарға үлестіріледі, тіпті волонтерлар қайырымдылыққа берілген заттарды қолма қол мұқтаж адамдарға өздері апарып береді.

Қостанайлық коммунистер мұндай халықтық жобаны құру өзін өзі ақтайтын іс екендеріне көздері жетіп отыр. Жобаға көптеген адамдар тартылады, сонымен қатар олар ҚКХП-ның адал ниетіне сенім артады. Халықтық жобаның әлеуметтік желідегі белсенді жұмысы әр түрлі жастағы, әлеуметтік деңгейдегі, түрлі ұлт азаматтарының басын біріктіруге септігін тигізеді. Жоба арқылы ҚКХП туралы хабардар болған азаматтар, коммунистердің мақсат-міндеттерін жақсы түсініп, партия қатарына қосылуда.

Көп жағдайда банкирлер мен корпорация жетекшілері емес, орташа деңгейдегі қарапайым адамдар, жеке кәсіпкерлер, шағын бизнесі бар азаматтар көмектеседі. Игі бастама партиялық жобадан шынайы халықтық жобаға айналып отыр. «Шапағат» жай ғана жоба емес, Қостанайдың коммунистері оны ұлттың рухани жаңғыруының бір бөлшегі деп санайды.  Бұл туралы Қостанай гуманитарлық колледжінде өткен дөңгелек үстелде әңгіме өрбіген болатын.

Қостанай облыстық комитетінде жоба іске қосылғалы 26 отбасыға көмек көрсетіліп, 40-тан астам адамға киімдер, ойыншықтар мен кітаптар берілді. Су тасқынынан зардап шеккен Қарасу ауданына да көмек көрсетілді. Ленинское ауылындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 10 отбасыға облыс коммунистерінің көмегімен гуманитарлық көмек берілді. Бұл өскелең ұрпаққа адамгершілік пен ізгіліктің жарқын үлгісі болмақ.

Маңғыстауда «Шапағат» әлеуметтік жобасы аясында ҚКХП Маңғыстау ОК мүшелері төрт баланы жалғыз асырап отырған Н.Тыныштықовқа киім-кешек жинап берді. Безбүйрек ана кәмелетке толмаған төрт баласын әкелеріне тастап кеткен. Облыстық комитетте Тыныштықов партияның әлеуметтік жұмысы туралы хабардар болды, сондай-ақ оған қажет жағдайда қоғамдық қабылдау тегін заңгерлік кеңес бере алатындығы туралы айтылды.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетіне үш баланы өсіріп отырған Зарина Әбілғазиева мен алты баланың анасы Жанар Мәметова көмек сұрап келді. Олар балаларына қажетті киімдер алды. Облыстық комитеттің активі кәсіпкер Зарина Әбдуалиеваға қайырымдылық акциясы аясында ұсынған көмегі үшін алғыс білдіреді.

«Шапағат» жобасының астаналық орталығында азық-түлік акциясы өткізіліп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы 12 отбасыға көмек көрсетілді. Волонтерлардың көмегімен жиналған қаражатқа қажетті азық-түлік сатып алынды. Әрбір отбасыға ұн, күріш, сұйық май, макарон, қант, шай, печенье мен кәмпиттер берілді. Өкінішке орай көптеген отбасы азық-түлікке зәру.  Бейбітшілік заманда балалардың аш жүруі қынжылтады.

Көпбалалы Тәжігүл Еркіншаева Астанаға солтүстік аймақтан көшіп келген. Бар мақсаты жақсы өмір сүріп, балаларына білім беру еді. Тәжігүл тоғыз бала өсіріп отырған батыр-ана. Күйеуі екеуі Зеленстройда жұмыс істейді. Екі студент баласы бар, біреуі ақылы бөлімде оқиды, төртеуі мектеп жасында. Гараж жалдап тұрып жатыр. Отбасы мүшелері өте еңбекқор, балаларына жақсы тәрбие беруге тырысады. Тапқан табыстары қажетті заттарына жете бермейді. «Шапағат» бұл отбасыға киімдер мен қажетті заттарды үлестіріп берді. Астана қалалық комитеті әрі қарай да бұл отбасыға моральдық және материалдық көмек беріп отырады.

Коммунистер барлық қалаларда мұқтаж адамдардың жағдайына бей-жай қарамайтын азаматтарды, волонтерларды, демеушілерді жобаға қатысуға шақыратын жарнама береді. Жобаның шақыртуына үн қосып, қолдау көрсететін азаматтар баршылық. Адамның күні адаммен деп бекер айтылмаған. Бұл – өмір заңдылығы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика