Home » "Шапағат" Халықтық жобасы, Партия тынысы » «ШАПАҒАТ» халықтық жобасы

«ШАПАҒАТ» халықтық жобасы

IMG-20160906-WA0021Бүгін Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Астана қалалық комитетінде «ШАПАҒАТ» халықтық жобасы таныстырылды.

Жоба әлеуметтік көмекке зәру астаналықтар мен Ақмола облысының тұрғындарына, жалғызбасты аналар мен жетімдерге, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және дағдарыс орталықтарына қол ұшын созу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс барысында ҚКХП Астана қалалық комитетінде ашылған

қабылдау-үлестіру пунктіне  балалар мен ересектердің  киімдері,

медициналық құрал-жабдықтар, канцелярлық құралдар, аяқ киімдер, кітаптар, ойыншықтар, бесік арбалар мен ит арбалар, балаларға арналған жабдықтар, электр құралдары және түрлі жиһаз бен ірі тұрмыстық техника қабылданып, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға үлестірілді.

- Ұйымдастырылып отырған әлеуметтік маңызы зор шара партияның қарапайым халық алдындағы жауапкершілігінің  еселене беретінін көрсетеді. «Шапағат» халықтық жобасы көмекке зәру жандарға пайдасын тигізеді деген сенімдеміз.

Жобаның жүзеге асырылуы партияның мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. 21-ші маусым күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы 12 жылдығын атап өтеді. Он екі жыл – дөңгелек дата, мерейтой емес, десек те, бұл – маңызды әрі мақсатты жылдар. Осы аралықта жаңа партия құруға қырын қарағандардың күмәні сейілді. Уақыт ҚКХП-ның пайда болуы дұрыс әрі қажет екенін дәлелдеді. Халықтың ҚКХП-ға берген дауысы сенімнің ғана белгісі емес, әділдікке ұмтылудағы қуатты қолдау болды,- деді жиында ҚКХП ОК аппаратының жетекшісі Виктор СМИРНОВ.

IMG-20160906-WA0019Қабылдау ережесіне сәйкес, киімдер таза, дақсыз, жыртықсыз ал медициналық құрал-жабдықтар мен канцелярлық тауарлар қолдануға жарамды қалыпта қабылданды. Тізімдегі басқа заттарға да осындай талап қойылды.

- Қолға алынып отырған «Шапағат» халықтық жобасы бір күндік, бір сәттік акция емес. Бұл тұрақты түрде, үздіксіз жалғасатын партияның бірегей жобасы.

Аталмыш жобаны қарапайым халық қызу қолдап жатыр. Қабылдау-үлестіру пунктіне су жаңа киімдер мен заттар  тапсырып жатқан адамдар да бар.

«Шапағат» халықтық жобасына түрлі ұйымдар мен мекемелер де атсалысуға ниет білдірeде. Біз жобаға жан-жақты қолдау көрсеткен «Park Inn» қонақ үйі операциялық департаментінің менеджері Гүлмира Шәріпбаеваға ерекше алғысымызды білдіреміз, – деді  ҚКХП баспасөз орталығының жетекшісі Назгүл МАҚЖАН.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика