Home » Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » «Шапағат» мектепке дайындайды!

«Шапағат» мектепке дайындайды!

«Шапағат» мектепке дайындайды!» акциясы аясында ҚКХП Оңтүстік Қазақстан активі Шымкент қаласының 18 шағын ауданында болып қайтты. Коммунистер шағын ауданның Шолақов, Құралбақов, Раховтар сияқты көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп құралдарын табыстады.

Бюро мүшесі Күлзада Алдабергенова және ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов балаларға сыйлықтарын табыстап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Ата-аналар мен балалар коммунистерге өз алғыстарын айтты.

«Шапағат» мектепке дайындайды!» акциясы барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жаңа оқу жылына балаларын дайындауға  облыстық комитеттің кеңесінде де жәрдем беріледі.

ҚКХП ОҚ ОК

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика