Home » "Шапағат" Халықтық жобасы, Партия тынысы » «Шапағаттың» шарапаты тиіп жатыр

«Шапағаттың» шарапаты тиіп жатыр

ДЕТИ МНОГОҚазақстан Коммунистік Халық партиясының «Шапағат» халықтық жобасы жалғасып жатыр. ҚКХП ОК хатшысы, Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыровтың бастамасымен қолға алынған әлеуметтік жобаны қолдаушылар саны күн сайын көбейіп келеді.

Әлеуметтік көмекке зәру астаналықтар мен Ақмола облысының тұрғындарына, жалғызбасты аналар мен жетімдерге, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға сонымен қатар дағдарыс орталықтарына қол ұшын беруге ниет танытқан жандар ҚКХП Астана қалалық комитетінен ашылған қабылдау-үлестіру пунктін бетке алуда.

Әлеуметтік маңызы зор халықтық жобаны қолдаушылар қабылдау-үлестіру пунктіне балалар мен ересектердің киімдерін, медициналық құрал-жабдықтар мен канцелярлық құралдар, аяқ киім, кітап, ойыншық, бесік арбалар мен ит арбалар, электр құралдары мен түрлі жиһаздар және ірі тұрмыстық техника тапсырып жатыр.

«Шапағат» халықтық жобасы бір күндік, бір сәттік акция емес, тұрақты түрде, үздіксіз жалғасатын Қазақстан Коммунистік Халық партиясының бірегей жобасы. Аталмыш жоба арқылы «халық коммунистері» қарапайым халық алдындағы жауапкершілігін нақты іспен дәлелдеп, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созады.

Бүгінгі таңда халықтық жобаға жеке тұлғалар, ерікті топтар, түрлі ұйымдар мен мекемелер тіпті халық қалаулылары да атсалысуда.

Атап айтар болсақ, Айман Жанахметова есімді азаматша азық-түлік, гигиеналық заттар, ойыншықтар мен тәттілер әкелді. «Radisson Hotel Astana» мен «Park Inn» қонақ үйінің қызметкерлері де жақсылық жасаудан қалыс қалған жоқ. Ал «Үнсіз әлем» қоғамдық қоры шарапаты мол шараны бірлесіп атқаруды ұсынды. Өз кезегінде Лариса, Манас, Елена, Борис, Әсия, Марта есімді еріктілер халықтық жобаға үздіксіз қолдау көрсетіп жатыр.

Көмекке мұқтаж жандар «Шапағат» халықтық жобасын әлеуметтік желілерден көріп, адамдардан естіп немесе кездейсоқ біледі екен. Бұл туралы Сандуғаш есімді келіншек: «Шапағат» халықтық жобасына аяқ астынан тап болдым. Өзім Семей қаласынан келдім. Астанада жұмыссыз жүргеніме бірнеше айдың жүзі болды. Жалғызбасты анамын, ұл тәрбиелеп отырмын. Алимент алмаймын. Пәтер жалдап тұруға мәжбүрмін. Осындай қиын-қыстау уақытта коммунистерді кезіктіргеніме қуаныштымын. Олар маған үлкен көмек көрсетті. «Шапағат» жобасының қабылдау-үлестіру пунктінен өзіме, ұлыма киім және оқу құралдарын алдым», – деді. Ал 6 баланың анасы Сұлушаш Ахметжанова халықтық жобаға тігін машинасын сұрап келді. Оның сөзінше, отбасының табысы аз емес, алайда 6 балаға шаққан кезде жетпей қалады. «Отағасына көмектесу үшін іс тігумен айналысқым келеді. Ол үшін маған тігін машинасы қажет. Халықтық жобаны ұйымдастырушылар мәселемді шешіп береді деп үміттенемін», – деді ол.

Елена Сичевская есімді анаға жұмыс қажет. Оның ұлына ДЦП диагнозы қойылған. Осы азаматшаға жұмыс тауып бере алатын адамдар болса, «Шапағат» халықтық жобасының ұйымдастырушыларына хабарласуларын сұраймыз.

40-шы станцияда тұратын 6 баланың анасы Жұлдызай Зүлманбетова «Шапағатқа» келіп 3 баласын бастан-аяқ киіндірсе, екінші топтағы мүгедек Жақсылық Қасенов жоба арқылы ұялы телефонға ие болды. Дүйсенкүл Макенова есімді азаматша баласына керует алды. Ал Өндіріс кентінің тұрғыны Динара Арыстанбаеваға еріктілер бесік арба апарып берді.

Людмила есімді азаматшаға диван, балаларына шайтанарба және ойыншықтар жеткізілді. Ал Мейрамовтар отбасы «Шапағатқа» өткізген ас үй жиһазы мен теледидар жалғызбасты ана Зоя Коченоваға табыс етілді.

Төрт қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы әке Сантуарға да «Шапағат» халықтық жобасының шарапаты тиді. Кішкентай қызын босанғаннан кейін отанасы сүлдесіл ауруына шалдығыпты. Дертінен құлан-таза айығу үшін төрт қыздың анасына жарты жыл уақыт керек. Осы уақыт аралығында бар ауыртпашылық отағасының мойнына артылады. Бірақ ол бұған мойып отырған жоқ.

«Қолымнан келгенше қыздарымды асырауға, тәрбиелеуге тырысамын. Жарым үйге оралғанға дейін балаларыма бас-көз боламын. Балаларыма аналарындай бола алмасам да, олардың жүздерінің жабырқауына, жанарларына жас үйірілуіне жол бермеймін”,- дейді көпбалалы әке.

Сөз арасында ол “халық коммунистеріне” ризашылығын жеткізіп: “Уақытша қиыншылығымызды бізбен бірге бөлісіп, жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаны үшін “Шапағат” халықтық жобасына және оның ұйымдастырушыларына яғни, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мүшелері мен белсенділеріне отбасымның атынан шексіз алғысымды білдіремін.

Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп оралсын. Отбасыларыңыздың берекесі мен бірлігі қашпасын, ауырмаңыздар!” – деді.

Айта кетейік, «Шапағат» халықтық жобасында мұқтаж жандарға қажетті заттардың барлығы тегін үлестіріледі. Ал Қазақстан Коммунистік Халық партиясы сайлауалды бағдарламасында айқындаған мақсаттары мен міндеттерін жоспарлы түрде жүзеге асырып келеді. Бұл – “халық коммунистері” түрлі жобалар мен бастамалар арқылы қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтай береді деген сөз.

Абылай БЕЙБАРЫС

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники