Home » Партия тынысы, Шығыс Қазақстан облыстық комитеті » Шығыс Қазақстан облысының жұмысшылары Президенттің жаңа бастамаларын қолдайды

Шығыс Қазақстан облысының жұмысшылары Президенттің жаңа бастамаларын қолдайды

IMG_1065-02-02-17-12-202017 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің басшылары «Гидростальконструкция» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу идеясын  талқылау мен түсіндіру болды.

Іс-шараға барлығы 200 адам қатысты, кәсіпорын қызметкерлерінен басқа жергілікті БАҚ (Қазақстан-Өскемен телеарнасы, «Атамекен», «Рудный Алтай», «Дидар», «Алдараспан» басылымдары)  өкілдері болды. Әңгіме барысында мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерге қатысты пікірлер айтылды. Сонымен қатар Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы да кеңінен талқыланды.

Серіктестіктің жұмысшылары елбасының билік тармақтарының арасындағы өкілеттілікті қайта бөлуге қатысты ұсынысын толыққанды қолдайтындықтарын білдірді.  Олардың пікірінше, бұл Парламент пен Үкіметтің өкілеттілігін артып, биліктің шынайы тепе-теңдігін қалыптастырады.

ҚКХП белсенділері мен зауыт жұмысшыларының Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі елдің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға деген  ойлары бір жерден шықты.

Талқылауды түйіндеген облыстық комитеттің бірінші хатшысы Ш.Байдәулетов былай деді:

- Мемлекет басшысының ұсынған мақсат-міндеттері әлемдік дамудың жарқын үлгісіне сай және Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.  Елбасы дөп басып айтты: «Бір орында тұрған емес, өз болашағын айқындап, сын тегеуріндерге қарсы жүре алатын халық қана жеңіске жетеді».  Біз, осы жерде жиналғандар, Қазақстанды ауқатты елге айналдыру үшін дәл қазіргі уақытта іс-әрекет жасау қажеттілігімен келісеміз.

Кездесуде облыстық комитеттің идеология бойынша хатшысы С.Михеев та сөз сөйледі: – Президент үшін ең бірінші орында экономика, содан кейін саясат екенін үнемі айтып жүреді. Қазіргі кезде Қазақстан өзін экономикалық тұрғыдан тұрақты мемлекет ретінде таныта білді. Енді саяси саладағы реформалардың кезі келді. Бұл реформалар тек қана мемлекеттік құрылымның ғана емес, сонымен қатар дамыған азаматтық қоғам құруда қоғамдық ұйымдардың да үлесін арттырмақ.

Еңбек ұжымы атынан кәсіпорын қызметкері А.Качусов сөз алды. Ол конституциялық және саяси реформалардың жалғасуына бағытталған  Қазақстан Президентінің саясатына қолдау білдіретіндіктерін айтты.

Кездесу соңында халық коммунистері жеке мәселелер мен сұрақтар бойынша консультация жүргізді.

ҚКХП ШҚ ОК Баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники