Home » «Халық коммунистері» фракциясы, Партия тынысы, Сараптама » Су ресурстарын басқару қажет!

Су ресурстарын басқару қажет!

Өткен сейсенбі күні Парламентте «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Бұл жолы депутаттар «Шенеуніктердің керемет есептеріне қарамастан, неге республикада жыл сайын су тасқыны мәселесі туындайды?» деген сұрақты басты назарға алды. 

заседание 3

Отырыстың модераторы, фракцияның көшбасшысы, мәжілісмен Владимир Косаревтің пайымдауынша,  басты мәселе осы салада орын алған тәртіпсіздік деп отыр.

  • Су ресурстарын басқару қажет! – деп мәлімдеді коммунист. – Ал бізде Үкімет те, Ауыл шаруашылығы министрлігі де, Су ресурстары комитеті де, Төтенше жағдайлар комитеті де әрекет етпей отыр. Олар елді су басқанда ғана қозғалады. Оған дейін бәрі жақсы болады деп жайбарақат отырады. Жағдай қалыпты нормадан тыс екенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр: 2015 жылы еріген қар суы 3067 үйді басты, 2016 жылы 556 шаруашылық көшірілді, биыл 1500 үйді су астында қалды. Су тасқынынан Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары көп зардап шекті.
  • Соңғы жылдары елде мынадай жағдай қалыптасқан: біз көктемді керемет табиғи құбылыс ретінде қуанышпен күтпейміз, керісінше, үрейленеміз, – деді В.Косарев. – Бізде көктеммен бірге су тасқыны келеді. Мұндай апаттың орын алуына не себеп?

Коммунистер мемлекеттік органдарға су апатымен шынайы күресетін кез келді деп санайды. – Біз барлық апаттың басым бөлігі тәртіпсіздіктен, әрекетсіздіктен және басқа да осы іспеттес себептерден болады деп ойлаймыз!- дейді халық коммунистері.

Жыл сайынғы су тасқыны бойынша шенеуніктердің өз пікірлері бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің басшысы Ислам Әбішевтің пікірінше, Қазақстанда су тасқынын болжау мүмкін емес.  Республикада 2000-ға жуық су нысандары бар. 328 метерологиялық станция, 307 гидрологиялық бекет және 25 қарөлшеуіш бағдар бар. Ал Бүкіләлемдік метерологиялық ұйымның ұсынысы бойынша ҚР аумағында гидробекеттің  800-і болуы тиіс.

Комитеттің мәліметі бойынша елімізде өзен алқабы мен маңайдағы аумақтарға заңға қайшы түрде құрылыс жүргізіледі. – Өзен алқабы түгілі су қорғау белдеуінде ешқандай нысандар болмауы тиіс! – деп мәлімдеді И.Әбішев.

Комитет басшысы заңсыз құрылысқа қарсы күрес туралы 1 маусым күні Үкімет алдында есеп беруге уәде берді. Су комитетінің төрағасын тәуелсіз сарапшы Анар Тлеулесова да қолдады. Оның сөзінше, бізде су тасқынын бақылайтын және болжайтын ғана емес, сонымен қатар апатпен күресетін ешкім жоқ. Себебі кадр тапшы. – Бізде жергілікті жерлерде, жалпы барлық жерлерде білікті мамандар жоқ, – деп түсіндірді сарапшы.  – Біздің ЖОО гидротехникалық ғимараттың, жерасты, жерүсті суы дегеніміз не екенін түсіндіріп бере алатын инженерлерді дайындамайды. Соңғы мамандардың дерлігі зейнеткерлер немесе зейнеталды жастағы адамдар. Қазақстанда «су саласы» мамандығының аз танымалдылығын төмен жалақымен түсіндіруге болады. Сала мамандары небәрі 35-40 мың теңге жалақы алады.

Соңғы жылдары 1993 жылы қабылданған Су Кодексі үнемі толықтырылады және өзгертіледі. – Заң жылына бірнеше рет өзгеріп отырған жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес, – дейді А.Тлеулесова. – Барлық өзгертулер су нысандарының пайдасына шешілмейді. Көп жағдайда Су ресурстары комитетіне және оның жергілікті органдарына жаңа жүктеме енгізуге байланысты түзетулер шығарылады. Ең қызығы, жүктеме артқанымен, штаттық құрамды арттыруға, техникалық жабдықталуға мән беріліп отырған жоқ,- деп түйіндеді сөзін сарапшы.

Дегенмен  халық қалаулылары шенеуніктерге жанашарлық танытпады, керісінше жұмыстарын қатты сынға алды. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігін басқарған палатаның вице-спикері Владимир Божко биылғы жылы орын алған жағдайды кәсіби түрде талдап, шенеуніктердің қате тұстарын көрсетті. Әсіресе, судың арнадан асуы суарылым үшін су жинаудың салдарынан болған. – Ислам Алмаханұлы, сіздерге қыс бойы (Төтенше жағдайлар комитеті) «суды жіберіңіздер, қар көп болады» деп көндіруге тырысты. Алайда айтқан уәжге құлақ аспадыңыздар. Кейін Астанаға Вячеславка су қоймасынан секундына 1,2 мың текше метр суды жібере бастадыңыздар! Сырдарияда не болып жатқанын қараңыздар. Ақпанның өзінде Көксарайды толтыртқызуға мәжбүрледіңіздер. Сырдария бойымен секундына 1,2 мың текше метр ағыс болғанда, Көксарай толып тұр. Ол суармалы егістіктерге емес, төтенше жағдайға жол бермес үшін арналған», – деп нақтылады Божко.

ҚКХП-ның Мәжілістегі депутаты Ирина Смирнованың пікірінше, орын алған  су тасқыны бұл – су ведомствосы саясатының тиімсіздігінің көрнекі мысалы. – Ақпан айында Үкіметте өткен брифингте Су ресурстары комитетінің төрағасы  былай деген болатын: «2017 жылы қатты су тасқыны болмайды деп күтілуде». Сондықтан жергілікті билік органдарынан су тасқынына қандай дайындық күтуге болады?

Депутаттар Қазақстанның су ресурстарының жартысы (44%) шекаралас елдердің аумағында қалыптасатынын еске түсірді.  Тапшы суды, тіпті қардың еріген суын  тиімсіз пайдалану экологияға және ел экономикасына да елеулі нұқсан келтіреді. Парламентарилердің ойынша, нақты және үйлесімді жұмыс жасайтын су инфрақұрылымын құру республикадағы су тапшылығы мәселесін шешудің кепілі болады.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар  жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстар шығарды. Олар алдағы уақытта қарастырылады деп жоспарланып отыр.

 Маргарита НИКИТИНА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика