Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы, Сараптама » Төлем – қауіпсіздік кепілі емес

Төлем – қауіпсіздік кепілі емес

Бүкіл әлемде автокөлік апаттары соғыс пен аурудан да көп адамдардың өмірін әкетеді. Жүргізушілерге, әсіресе қыс мезгілінде абай болған абзал. Көк тайғақ, боран мен желдің ұйытқуы көлік қозғалысына кедергі келтіріп, қауіп–қатерді еселей түседі. Заманауи автобандар жол апаттарының санын азайтып тұрған жоқ.

84372-preview-imageМәжілісмен Айқын Қоңыров ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы қарамағындағы «Астана-Щучинск» жол торабында төлем қабылдайтын «Ақылы автокөлік жолдарының дирекциясы» филиалына қатысты жағдайды анықтау үшін депутаттық сауал жолдады. ҚКХП депутаты жол қауіпсіздігі үшін нақты қандай іс-шаралар  қабылданады және олардың тиімділігі қандай туралы ақпаратты талап етті.  Сонымен қатар коммунист осы жол аумағында адам өліміне әкеліп соққан   жол апаттарының санын білмек болды.

Қазіргі кезде автокөлік иесі (тұтынушы) автобанға кіре жол ақысын төлейді. Сондықтан ұсынылатын қызметтің сапасы да соған сай болуы тиіс. Осы мақсатта депутат қызмет көрсетуші Оператордың  міндеттерімен танысып шықты. Тұтынушы өз есеп шотынан ақшаның дұрыс қабылдануын тексере алады екен. Ал операторға тас жолдың жағдайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жүктелмеген. Тұтынушының мойнына белгілі бір жауапкершіліктер жүктелген. Тұтынушы тек қана жүру ақысын төлеп қоймай, жол апаты болған жағдайда «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ мүлкін бұзғаны үшін шығын өтеуі тиіс. Жол апаты тас жол жабындысының дұрыс болмауы немесе жолдың қардан уақытылы тазаланбауынан болған жағдайда да.

Мұндай бір жақты жауапкершілік депутаттың наразылығын тудырды. Оның пікірінше, жол ақылы болғандықтан тас жол жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей жағдайда болуы тиіс. Әсіресе, қыс мезгілінде бұл жағдайды ерекше назарға алған абзал. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ табысы мен бюджеті миллиардтап есептеледі, алайда бұл тас жолдағы қауіпсіздік шараларын қолға алуға еш септігін тигізіп жатқан жоқ.  Өкінішке орай адамның өмірі мен қауіпсіздігі елеусіз қалуда. Адамның өлімі туыс-туғандары мен жақындары үшін орны толмас қайғы-қасірет. Болашақта «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қарағанды және Павлодар қалалары бағытында да ақылы жол торабы ашылмақ. Белгілі бір шара қолданылмаса, баяғы жартас сол жартас болып қала бермек.

Халық коммунисі «ҚазАвто Жол» ҰК АҚ, оператор, ішкі істер органдары, аймақтық билік органдары арасындағы өзара әрекеттесу механизмнің тиімділігіне баға беру қажеттілігін алға тартады. Ақылы жол аймақтарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін іс-шаралар кешенін  қабылдау қажет.

Ольга КАРТАШЕВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники