Home » Батыс Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » Тарихи фактілерді бұрмалау мәселесі талқыланды

Тарихи фактілерді бұрмалау мәселесі талқыланды

22 маусым күні ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде «Тарих. Ақиқат пен аңыз» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шараға БҚО халық коммунистерінің активі, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

19415838_1854223668231735_1985310197_n

Тарихи фактілерді бұрмалау соңғы кезде халықаралық ауқымдағы мәселеге айналып отыр. Бұған себеп – әлемдік масштабта меншікті қайта бөлуге деген ұмтылыс. Күштеу әдістері нәтиже бермегендіктен осындай іс-әрекеттер орын алады. Ал олардың түпкі мақсаты ұлтаралық және діни арандатушылық туғызу. Бұл жерде саяси технологиялардың көмегіне тарих келеді. Бекерден бекер емес. Тарих – дүниетаным мен тарихи естелікті қалыптастыратын құрамдас бөліктің бірі.

Отырыс барысында саяси кеңесші, тарихшы Еркін Ерғалиев өзінің пікірін ортаға салды: – Қазіргі кезде тарих идеологиялық бәсекелестіктің алаңына айналып отыр. Тарих әрқашанда саясатпен, жастардың тәрбиесімен, руханиятпен байланысты болған, сондықтан әртүрлі тарихи тақырыптарға қатысты даулардың болуы заңды.

Тарих тарихнама мен тарих философиясы болып бөлінеді. Жазба құжаттар көп болған сайын келіспеушіліктер де көп болады. Әркім өзіне қажеттісін алады, осыдан бір ымыраға келмеушілік орын алады. Бұл тарихнамаға қатысты айтылған дүние. Сондықтан бізге тарих философиясын дамытып, тарихтың жалпы мағынасын табу қажет,- деді тарихшы.

Пікірталас соңында қатысушылар тарихты бұрмалауға, әсіресе Ұлы Отан соғысының тарихына қатысты фактілерді бұрмалауға жол берілмеуі тиіс деген байламға келді. Соғыста қаза болғандар туралы естелікті қорлауға болмайды. Біз олардың ерлігін ұмытпауымыз керек. Оларға деген алғысымыздың жалғыз ғана белгісі бұл – естелік. Бірақ, естелік ресми болмауы тиіс, әр азамат өзінің отбасы, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабалары арқылы қабылдауы тиіс. Сонда ғана оның тәрбиелік мәні арта түседі.

ҚКХП БҚО ОК

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика