Home » Партия тынысы, ҚКХП БАҚ » ТЕМІРЖОЛ ТЕЛМІРТІП ТҰР

ТЕМІРЖОЛ ТЕЛМІРТІП ТҰР

Қызылорда-Жезқазған темір жол құрылысын уақыт оздырмай бастау керек. Себебі қолданысқа берілген Жезқазған-Сексеуіл  станциясы бағытындағы теміржол кәсіпкерлікке кедергі келтіріп тұр.

жезказган

Үкімет басшысына Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясы мүшелерінің атынан депутаттық сауал жолдаған халық қалаулысы Галина Баймаханова осындай мәселе көтерді.

Ол Қызылорда облысы аграрлық өлкеден өндірістік аймаққа айналып,  мұнай, ілеспе газ, уран, тұз, кварц құмын өндіріп жатқанын және құрылыс материалдары мен азық-түлік өнімдерінің өндірісін сонымен қатар тоқыма, тігін өнеркәсібін дамытып отырғанын алға тартты.

«Әйнек және сода зауытының  құрылысы сияқты инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі шешіліп жатыр. Қала мен облыста басқа да өңдеу кәсіпорындары бой көтеріп келеді. Өңірде «Қазатомпром», «ПетроҚазақстан», «Шалқия КБ» АҚ сияқты ірі жер қойнауын пайдаланушылар жұмыс істейді. Инвесторлар  облысқа қатты қызығушылық танытуда», – деді депутат.

Оның сөзінше, тұз, доломит, саз  және балшық сынды кенсіз пайдалы қазба өндіруде де Қызылорда өңірі көш бастап тұр.

«Зерттелген кенсіз шикізат орындарында сапалы құрылыс материалдарын өндіретін қуатты кластерлерді дамытуға болады. Шикізатты қайта өңдеу арқылы қиыршық тастарды ғана емес, кірпіш, цемент, әртүрлі құрылыс қоспаларын, соның ішінде химиялық жолмен тұндырылған бор өнімдерін алуға болады», – деді Галина Баймаханова.

Халық қалаулысының сөзінше, Қызылордадан 160 шақырым жерде тұздың үлкен қоры бар. Бұл жер жан-жақты зерттелсе, болашақта ас тұзынан, техникалық және жемдік тұздан бастап хлор, металдық магний, натрий және өзге де элементтерді өндіруге болады. Алайда мұның бәрін жүзеге асыру  үшін аймаққа теміржол салынуы тиіс.

«Сайлаушылар аймақтағы инфра-құрылым көңіл көншітпейтінін айтады. Олардың сөзінше, соңғы жылдары халықаралық Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансұлттық көлік дәлізінің құрылысы нәтижесінде солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бағыттардағы автокөлік жолдары жақсарған, бірақ ел ішіндегі оңтүстік-шығыстан солтүстікке және солтүстік-шығысқа бағытталған жолдардың, оның ішінде теміржол құрылысы жыларман жағдайда. Теміржолсыз тау кен, металлургия және химия өнеркәсібінің дамуын, құрылыс материалдарын шығару мен сатуды дамыту мүмкін емес. Аграрлық сала да теміржолдың болмауының салдарынан ақсап тұр. Осындай өзекті мәселені күн тәртібіне қойған жергілікті тұрғындар Қызылорда мен Жезқазған арасына темір жол салуды жеделдетуді сұрап отыр», – деді Галина Баймаханова.

Коммунистің мәлімдеуінше, Қы-зылорда-Жезқазған бағытында те-міржолдың болмауы және тас жол сапасының сын көтермеуі кәсіпкерлерге кесірін тигізіп тұр.

«Қолданысқа берілген Жезқазған-Сексеуіл станциясы бағытындағы теміржол бұл мәселені шеше алмай тұр. Осының салдарынан кәсіпкерлер қосымша шығын шегіп, табыстарынан қағылып отыр», – деді ол.

Абылай БЕЙБАРЫС

Источник: Журнал “Коммунист Казахстана” № 29

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика