Home » Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » ТКШ және тарифтер мәселесі

ТКШ және тарифтер мәселесі

OLYMPUS DIGITAL CAMERA2017 жылдың 22 ақпанында Шымкент қаласында ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «ТКШ-ны жаңғырту – бітпейтін тарих»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Энергопоток» ЖШС, «Қуатжылуорталық-3», ОҚО бойынша ТМРА департаментінің, «Ақ жол» партиясының, Шымкент қ. Ардагерлер кеңесінің өкілдері, қоғам белсенділері, БАҚ қатысты. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.

2017 жыл Қарағанды облысындағы Шахан ауылындағы жайсыз оқиғадан басталды. Бу қазанының жарылысынан көп қабатты үйдің бір бөлігі құлап, адамдар қаза болды. Бұл бірінші рет орын алған төтенше жағдай болмай шықты. Соңғы 6 жылдың ішінде қазандардың жарылуына байланысты 28 ТЖ орын алып, 17 адам қаза болған және 27 жарақат алған. Қарағанды облысының өзінде қауіп аймағында 100 үй тұр. Бұл оқиға қайтадан  тұрғын-үй коммуналды шаруашылық және коммуналды құрылым саласындағы мәселелерге  назар аудартып отыр.

Кезінде Қазақстанда тұрғын-үй коммуналды шаруашылықта реформа жүргізіліп, тұрғын-үйлер жаппай жекешелендіріліп, тұрғын-үй қарым-қатынасының жаңа сапалы саласының қалыптасуына әкелді. Жекешелендірілген тұрғын-үйлердің жөндеу жұмыстарын жүргізу мен пайдалану жауапкершілігі мемлекеттен пәтер иелеріне ауысты. Ал пәтер иелері өз кезегінде бұған дайын болмай шықты. Коммуналды инфрақұрылымның басым бөлігі жеке компаниялардың иелігіне өтті.

Монополист компаниялар болса күрделі жөндеу жұмыстарына ақша салмай, тек пайда табуды көздеді. Нәтижесінде жөндеу көрмеген коммуналды сектордың тозығы жетті.

Бұл мәселелерді шешу мақсатында 2011 жылы «2011-2020 жылдарға арналған ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы» қабылданған болатын. Бұл бағдарлама 2015 жылы «Аймақтарды дамыту» мен «Нұрлы жол» бағдарламаларына енгізілді. Бағдарлама коммуналды инфрақұрылымның жақсарылуына, ТКШ секторын басқарудың тиімді моделін құруға, саланың энерго тиімділігін арттыруға және коммуналды кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын құруға бағытталған болатын.

Алайда өткізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, мемлекет бойынша жылу жүйелерінің тозығы 63% құрайды (40% немесе 9,6 мың км 100% тозығы жеткен). Жыл сайын 10,7 млн. Гкал жылу энергиясы сыртқа кетеді. Республикадағы жылумен қамту желісі жоғары апаттық жағдаймен сипатталады (орташа есеппен 100 шақырымға 200 технологиялық ақау).

Осы күнге дейін ресурспен қамтамасыз етуді ынталандырудың жұмыс істеп тұрған механизмі құрылмаған.  Үйлердегі жалпы жүйелердің жағдайы нашар. Жөндеу жұмыстарын іске асыру және инфрақұрылымның қуатын арттыру тұрғысынан коммуналды қызмет көрсету тарифтерін өсіру қажет, алайда тұтынушылардың бұған мүмкіндіктері жоқ. Осы күнге дейін тарифтердің есептелу механизмі түсініксіз. Тарифтерді анықтау жүйесі ашық жүргізілмейді. Коммуналды қызмет тарифі қалай құрастырлатындығын мамандар ғана біледі. Күрделі формулалар мен есептеулерді тиімді пайдаланған монополистер қосымша ақшаны желіні жаңғыртуға жұмсаймыз деп ақталады.

Алайда тарифтер жыл сайын өсуде, ал сапа деңгейі бірқалыпты. Өз ақшамызға біз сапасыз қызмет алудамыз. Қазақстандықтар өз күштеріне сенеді, әрбір отбасында су тазартатын фильтр, су жылытатын титандар бар. Осы орайда ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті ұсынады:

- ауыз су және жылумен қамту сапасының стандартарын қайта қарастыру. ТКШ қызметінің сапасын бақылайтын қоғамдық кеңес құру;

-тарифтерді көтеруді талқылау барысында интернет порталдары мен әлеуметтік желілерді пайдалану;

- ЖОО мен кәсіптік-техникалық колледждердің классификаторына «үй басқарушысы» немесе «тұрғын-үйді басқарушы менеджер» сияқты жаңа мамандық енгізу. Бұл мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, тұрғын-үй қорын сапалы басқару және дұрыс қарым-қатынас орнату мақсатында қажет.

- подъезд немесе үй комитетіне кіретіндерге 50%-ға ай сайынғы үй төлемдерінен босату;

- коммуналды қызмет төлемдері азаматтардың табыстарының 10 пайызынан аспауы керек, қалған бөлігін меморгандар өтеуі тиіс.

ҚКХП ОҚ ОК

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники