Home » Партия тынысы, ҚКХП БАҚ » Туберкулезбен күрес жүйесіне реформа қажет пе?

Туберкулезбен күрес жүйесіне реформа қажет пе?

Бұл сұраққа жауапты «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан алмақшы.

foto-luchshee-vrag-horoshego

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, елімізде туберкулезға қарсы қызметтердің горизонталды және вертикалды интеграциясы жоспарланған.

- Құрастырушылар бұл реформа қызметтің сапасын, толыққандылығын және сабақтастығын, басқарушылығы мен тиімділігін арттырады деп отыр,- деді Мәжілістің пленарлық отырысында сөз сөйлеген ҚКХП депутаты Айқын Қоңыров.

Бұл жайында халықтың пікірі өзгеше. Денсаулық сақтау министрлігінің жоспарында – туберкулезге қарсы облыстық және аудандық диспансерлерді біріктіру, мұның нәтижесінде төсек-орын мен кадрлық құрылымның қысқартылуы орын алады. Бір жағынан – таза үнемдеушілік және нарықтық тиімділік, екінші жағынан – емделушілер артып, медициналық қызмет бәріне толыққанды жетпейтін таныс жағдай орын алады.

Коммунистер министрден интеграция үдерісі қалай жүріп жатқанын анықтамақшы. Қандай нәтижеге қол жеткізілді және үрдіс барысында қандай кемшіліктер орын алды? Халықты ақпараттандыру қалай жүріп жатыр? Туберкулезға шалдыққандарды емдеудің мерзімі мен жоспары қалай өзгереді? Ең басты сұрақ – интеграция нәтижесінде үнемделген қаражат қайда жұмсалынады?

- Қазақстанның әрбір аймағы бойынша туберкулезге шалдыққандардың  2015-2017 жж. арналған динамикасын қосымша беруіңізді сұраймыз, – деп талап етті коммунист А.Қоңыров.

Депутаттың сөзінше, туберкулезбен күресудің еліміздегі көрсеткіші көптеген дамыған елдердің алдында тұр.

- Бұл мәліметке сүйене отырып, біз туберкулезға қарсы қызметті реформалаудың қажеті жоқ деп санаймыз, – деді коммунист. – Вертикалды интеграция барысында басқарушы және қызмет көрсетуші персонал қысқарады. Нәтижесінде туберкулездің ашық түрімен ауыратын адамдар амбулаториялық емдерін жалпы емханаларда жалғастыратын болады. Басқа сау адамдармен бірге дәрігердің кезегінде тұрады. Бұл болашақта үлкен мәселе тудыртуы мүмкін.

Сондықтан халық қалаулылары медицина қызметкерлерінен статистиканы мәлімдеуді сұрады.

- Біз эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруін динамика арқылы көргіміз келеді,- деп түсіндірді депутат.

- Өзін өзі емдеу немесе үй жағдайында дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдамау жағдайлары орын алып жатады. Туберкулездің жабық түрі уақыт өте келе ашық түріне ауыспайды дегенге кепіл жоқ. Науқас бұл туралы білмей қалуы де мүмкін, бірақ ортамен байланыста болады. Бұл дені сау адамдардың туберкулезға шалдығу қаупін жоғарлатады,- деп дабыл қағуда мәжілісмен.

Цифрлық технологиялардың мынадай ресми емес ұстанымы бар: «Жұмыс істеп тұр ма, тиіспе!»

– Менің ойымша, қазіргі таңдағы жақсы көрсеткіш біздің Денсаулық сақтау министрлігін және қоғамды жұбатпауы тиіс. Себебі бұл көрсеткіштерге диспансеризацияның ескі кеңестік жүйесі арқылы қол жеткізілді.

Маргарита НИКИТИНА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика