Жарғы

2004 жылы ҚКХП Құрылтай Съезімен қабылданды

Өзгертулер мен толықтырулар 1 маусым 2013 жылғы VIII кезектен тыс

Съезімен енгізілген

«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы»

қоғамдық бірлестігінің

Ж А Р Ғ Ы С Ы

I-ТАРАУ.

САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ АТАУЫ

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қоғамдық бірлестігі,

қысқаша ҚКХП.

II-ТАРАУ.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қоғамдық бірлестігі – Қазақстан Республикасының коммунистік идеяны ұстанудың жолын қуушы азаматтарының ерікті бірлестігі. ҚКХП жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік өкіметтің өкілетті және орындаушы органдарының жұмысына қатысу арқылы әлеуметтік әділеттік пен саяси теңдікке жетуге пейілденген халықтың мүдделеріне өкіл болу мақсатында еңбекшілердің, жұмыссыздардың, зейнеткерлер және жастардың саяси еркін білдіреді.

2. Қазақстан Коммунисттік Халық партиясы ілгершіл қоғамдық ойдың жетістіктерінен құндылығы үнемі артатын шығармашыл ғылым, марксизм-ленинизмнің ғылыми негіздемесінде әрекет етеді. ҚКХП заманауи кезеңде әлеуметті әділ социалистік тұрпатты қоғам тұрғызу стратегиялық бағдарға сенімділік сақтайды.

3. Партия өзін-өзі басқаратын үйлесімді құрылым ретінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында Конституция талаптарына, «Саяси партиялар туралы» Заңына, мемлекеттің саяси партияларының әрекеті мәселелері бойынша өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әрекет етеді.

4. ҚКХП демократия мен әлеуметтік әділеттік жайғасымын ұстанған, өз күшін халық өмірін жақсартуға, еңбекшілердің бауырластық және ынтымақтастығын нығайтуға бағыттаған барлық қоғамдық бірлестіктермен ниеттес, партия халықаралық заңнамалық актілерге сәйкес халықаралық қатынастар орнатуы ықтимал.

5. Партия заңмен бекітілген тәртіп бойынша заңды тұлға құқықтарын иеленеді, Қазақстан Республикасының банкілік мекемелерінде дербес теңгерімі, есеп айырысу шоты бар, меншікті оқшауландырылған мүлік иеленеді де, барлық өзінің міндеттемелері бойынша айтылмыш мүлікпен жауап береді, мүліктік және жеке басының мүліктік емес құқықтарын іске асырады, сотта талапкер және жауапкер міндеттерін орындайды.

6. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өз рәмізі: жалау, танымбелгіге ие, олар партия съезімен бекітіледі.

Жалау: қызыл түсті мата, оның ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2. Жалау матасының ортасында бес күлді жұлдыз және оның үстіңгі мен астыңғы жақтарында партия атауының мемлекеттік және орыс тілдерінде аббревиатурасы: «ҚКХП» және «КНПК», ал атаулардың арасында екі жақтан үш сызықтан орналасқан.

Партияның танымбелгісі бес күлді жұлдыз болып табылады және оның үстіңгі мен астыңғы жақтарында партия атауының мемлекеттік және орыс тілдерінде аббревиатурасы: «ҚКХП» және «КНПК», ал атаулардың арасында екі жақтан үш сызықтан орналасқан.

7. ҚКХП басқару органдары мына мекенжай бойынша орналасады: 010001, Есіл ауданы, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 14, 7-кеңсе.

III-тарау.

ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МӘНІ

1. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мақсаты шынайы халық өкіметі, әлеуметтік әділеттік, кең руханилік, бостандық пен ғылыми-техникалық ілгерілеу және ғылыми социализм қағидаттарының негізінде өркендеген экономика қоғамына бағыттану болып табылады. Айтылмыш қоғамның назар аударатын жайты толық азаматтық құқықтар мен өз қабілеттігін дамыту және таныту мақсатында әрі әралуан мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерін иеленген адам болып табылмақ.

2. Осынау алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

  • Саяси салада – Қазақстан Республикасында демократия үшін күресу, демократиялық сайлаулар арқылы билікке жету, социализм, яғни әлеуметтік әділетті қоғам құру және де халық өкіметімен қамтамасыз ету.
  • экономикалық салада – экономика дамуындағы шикізаттық бағыттан арылу, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу, экономиканың негізгі салаларында мемлекеттік иелікті қалпына келтіру;

  • әлеуметтік аяда – халық үшін, елдің экономикалық әлеуетіне сүйене келе, әлеуметтік кепілдіктер көлемін бекіту әрі кеңейту;

  • халықаралық қатынастарда – республиканың ТМД халықтарымен шоғырлану үдерістерін қолдау, лаңкестікпен күрес, кең халықаралық ынтымақтастық.

ҚКХП қызметінің мәні:

  • ғылыми социализмнің, марксистік-лениндік ілімнің және озық қоғами пікір идеяларын насихаттау;

  • қоғамның саяси өміріне қатысу, партияның бағдарламалық мақсаттары жөнінде көзқарасына қосылған Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси жігерін қалыптастыру және іске асыру;

  • мемлекеттік билік органдарын заңмен бекітілген тәртіпте қалыптастыруға қатысу;

  • халықтардың интернационалдық бауырластығын және достығын нығайту;

  • жастарда отанға деген сүйіспеншілік, өз халқының тағдырына іліктілігі сезімін тәрбиелеу болып табылады.

ҚКХП билік органдарының қызметін халықтық бақылауға алынуын ұйымдастыруға талпынады, қылмыстықпен, сыбайлас жемқорлықпен, имандылық азғындауының басқа да түрлерімен күресі бойынша батыл шаралар қолданады. ҚКХП өзінің ішкі құрылымын анықтауда дербес бола алады.

IV-ТАРАУ.

ПАРТИЯДАҒЫ МҮШЕЛІК

1. ҚКХП мүшелік ерікті, жеке, бекітілген, партия Бағдарламасын қолдаушы және Жарғы нормаларын орындаушы Қазақстан Республикасы азаматтары үшін 18 жастан партиялық билетпен расталған. Бұрын КОКП қатарында болғандар өтініш бойынша және аудандық не болмаса қалалық партиялық ұйым бюросының ұйғарымы бойынша ҚКХП қатарына қосылады. ҚКП мүшелігінен шыққандар – жеке өтініш бойынша не болмаса сайланбалы орган ұйғарымы бойынша – партия ауданкомы, қалакомы бекіткен жеке өтініштері негізінде ҚКХП қатарына кіреді. ҚКХП жаңа мүшелерді қабылдауды енушінің жеке өтініші бойынша бастауыш партиялық ұйымдар іске асырады. ҚКХП мүшелік өз еркімен қатарынан шыққан жағдайда не болмаса шығарып тастаған жағдайда, ал шағынғанда бақылау органының не болмаса съездің шығарып тастау туралы шешімі бекітілген жағдайда тоқтатылады. ҚКХП мүшелерінің есепке алынуы: бастауыш ұйымдарда – журналдарда, өкілдіктерде – есепке алу дербес карточкалары бойынша, филиалдар мен ҚКХП ОК – өкілеттіктердің статистикалық есептемелерінде іске асырылады. Есепке алу нысандарын және оларды жүргізу тәртібін партияның Орталық Комитеті бекітеді.

2. ҚКХП мүшелері өз партия ұйымдары алдында партия жұмысына қатысу үшін жауапты болып табылады.

3. Партия мүшесі:

  • партиялық саясатты өндіруге және жүзеге асыруға қатысуға;

  • кез келген партия органдарына және биліктің өкілеттік органдарына сайлануға;

  • партия органдарында өзінің ұсыныстары мен өтініштерін ортаға салып талқылауын табанды тілек білдіруге;

  • партия және ҚКХП сайланбалы органдары бойынша жолдастарына сын айтуға;

  • кез келген партия ұйымдарына сауал салуға, өтініш және ұсыныс беруге әрі өз сауалының заты бойынша жауапты талап етуге, егер жауап бір ай ішінде келіп түспесе, тиісті бақылау-ревизиялық комиссиясына өтініш жолдауға;

  • жұмыстың және өмірдің барлық күрделі жағдаяттарында жолдастық көмекке сенім арту;

  • партияның бақылау органдарына өзі туралы шешім бойынша бір ай ішінде шағымдануға, оның өтініші қанағаттандырылмаған жағдайда, ол съезге жүгінуге құқылы;

  • коммунистті сырттай сынауға және талқылауға жол берілмейді.

4. ҚКХП мүшесі:

  • партиялық тәртіпті сақтау және партия органдарының шешімдерін орындауға;

  • насихаттау және партия мүдделеріне өкіл болуға, оның мақсаттарына жету үшін күресуге, міндеттерін орындауға, халық арасында партия саясатын дәйекті түрде жүргізуге міндетті.

Партия талаптарын орындаудан бас тартқан ҚКХП мүшелері ҚКХП қатарынан шығарылуға дейін жазалануы мүмкін. ҚКХП-да партияның ұйымдық құрылымымен қарастырылмаған партияның ішкі фракцияларын, тұғырнамаларын және басқа да құрылымдарын құруға тыйым салынады.

V-ТАРАУ.

ПАРТИЯНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

ҚКХП құру және қызметінің ұйымдық қағидаты демократиялық орталықшылдық болып табылады, бұл дегеніміз:

  • барлық жұмыс органдарының сайланатындығы, олардың өздерін сайлаған ұйымдардың алдында есеп берушілігі және есептілігі;

  • партияның барлық құрылымдық бөлімшелері мен сайланатын органдары жұмысындағы алқаластық пен жариялылық;

  • әр коммунистің өз міндеттерін және партиялық тапсырмаларын орындауда жеке жауаптылығы;

  • сын еркіндігі;

  • құрылымдық бөлімшелердің өз ішкі тіршілігі мен әрекеті мәселелерін шешудегі еркіндігі, филиалдар мен өкілеттіктер туралы партия Жарғысы мен Ережесі көздеген жағдайларды есепке алмағанда;

  • қабылданған шешімдерді ҚКХП құрылымдық бөлімшелері, олардың органдары, әр мүшесі қатаң ұстануын көздеген партиялық тәртіп;

  • өз көзқарастарын баяндауға азшылықтың кепілдендірілген құқығы, шешім өндірген кезде осынау көзқарасты партия органдарының есепке алуы әрі шешім қабылданғаннан кейін азшылықтың көпшілікке шартсыз бағынуы;

  • жоғарғы тұрған органдар шешімін орындаудың төменгі тұрған органдар үшін міндеттілігі.

ҚКХП қызметінде екпін орталықшылдықтан партияның негізгі бастауы, қозғаушы күші, жасампаз қуаты, саяси жігері болып табылатынын анықтайтын партия бұқара басымдылығына қарай жылжытылған. Сайланбалы органдарға және аппаратқа партия ұйымдарының ұйымдастырылуы мен қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктеледі.

ҚКХП ұйымдастыру құрылымы аумақтық қағида бойынша құрылады.

1. Партияның ұйымдастырушы негізі бастауыш партия ұйымдары болып танылады. Олар партияның аудандық не болмаса қалалық комитеті бекітетін жиналыс шешімі бойынша үш және одан да көп партия мүшелерінен құрылады.

2. Бастауыш партиялық ұйымның жоғарғы органы коммунистер жиналысы болып табылады, ол айына кемінде бір мәрте және есепте тұрған коммунистердің кемінде жартысы қатысуымен жүргізіледі. Шешімдер, сондай-ақ дауыс беру түрі де, жиналысқа қатысқандар дауыстарының жай көпшілігімен қабылданады.

3. Бастауыш партиялық ұйымның жалпы жиналысы бастауыш ұйым қызметіне қатысты кез келген мәселелерді өз еркімен шешуге, ал жоғарғы тұрған органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өз пікірін білдіруге және оларды аталмыш пікір туралы ақпараттандыруға, ҚКХП мүшесіне қабылдау туралы және мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Жалпы жиналыс отырысының барысы хаттамамен ресімделеді.

4. Бастауыш партия ұйымы партия мүшелерінің дербес істерін жиналыстарда қарап талқылау ерекше құқығын иеленеді. Коммунистердің теріс қылықтары үшін ол: ортаға салып талқылаумен шектелуі, бетіне басуы, ескертуі, қатаң ескертуі, сөгіс жариялауы, партия мүшелерінен шығарып тастауы ықтимал.

Сайланбалы органдар (ОртК, ОК, ҚК, АК) мүшелеріне қатысты бастауыш партия ұйымдарының шешімдері сол комитеттермен бекітілуге жатады.

5. Бастауыш партия ұйымында ағымдағы күнделікті жұмысты бюро, ал саны 15 мүшеден кем ұйымдарда – екі жылға сайланатын хатшы мен оның орынбасары жүргізеді.

Бастауыш ұйымдардың Бюросы мен хатшылары:

  • партия ұйымының жұмысын партия Жарғысына, Бағдарламасына және филиалдар мен өкілдіктер туралы Ережеге сәйкес ұйымдастырады, өз жұмысы және қабылданған шешімдер туралы партия мүшелерін ақпараттандырады;

  • аталмыш ұйымда есепте тұратын партия мүшелерінің өтініштерін, есептемелерін және дербес істерін қарайды;

  • халықпен байланысты нығайту бойынша жұмыс жүргізеді, олардың арасында түсіндіру және насихат жұмысын жүргізеді;

  • Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ниеттестерін есепке алады, олармен байланыс жасап тұрады әрі өмір сүруде және жұмыс істеуде әралуан көмек көрсетеді;

  • өзінің бастапқы ұйымы алдында жылына кемінде бір мәрте жұмысы туралы есеп береді;

  • жоғарыда тұрған партия комитеттерімен байланысты іске асырады;

6. Бастауыш партия ұйымы Жарғымен көзделген мүшеліктен айырылу, басқа ұйыммен қосылу не болмаса өзін-өзі тарату нәтижесінде таратылуы ықтимал. Бұл мәселе туралы шешім жалпы жиналыста есепте тұрған ҚКХП мүшелерінің 2/3 дауыстарымен қабылданады.

7. Партия Съезінің шешімі бойынша республикалық маңызды барлық облыс пен қалаларда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының филиалдары құрылады, ал аудандар мен қалаларда өкілеттіктер құрылады. Филиалдар мен өкілеттіктер ҚКХП ОК сенімхаты бойынша заңды тұлға жасау құқысыз жұмыс істейді, есептік тіркеуден өтеді де, Партия Съезі бекіткен «Филиалдар және өкілеттіктер туралы» ережеге сәйкес әрекет етеді. Филиалдарда ҚКХП-ның кемінде 600 мүшесі болуы тиіс.

8. Филиалдар мен өкілеттіктер халық арасында партия саясатын енгізеді, мемлекеттік орындаушы және өкілдікті органдармен, саяси және қоғамдық құрамалармен өзара әрекеттестікте болады, өз мөрі мен фирмалық іспарақтарын иеленеді.

9. Филиалдар мен өкілеттіктердің жоғарғы органы екі жыл сайын тиісті комитет шешімі бойынша не болмаса партия мүшелерінің кемінде 1/3 санын біріктірген партұйым талабы бойынша шақырылатын конференция болып табылады. Шақыру күні және делегаттар өкілдіктерінің нормасын тиісті партия комитеті конференция өткізу күніне дейін екі ай қалғанда құрамына енген барлық партия ұйымдарын құлақтандырумен қоса белгілейді. Есеп беру-сайлау партия Конференциялары төрт жыл сайын өткізіледі де, партияның кезекті съезі күніне екі ай қалғанда аяқталуға тиіс. Кезектен тыс Конференциялар партия комитетінің, филиалдар, өкілдіктер құрамына кіретін партия мүшелерінің 1/3 санының талаптары бойынша, Орталық комитетінің шешімі бойынша шақырылуы ықтимал.

10. Аудандық не болмаса қалалық Конференцияға делегаттар бастауыш ұйымдардан сайланады, ал облыстық және қалалық Конференцияларға республикалық маңызы бар қалаларда аудандық Конференцияларда, ондай жоқ жердебастапқы партұйымдардағы жиналыстарда сайланады.

Конференция, егер оның жұмысына оған сайланған делегаттардың кемінде жартысы қатысып отырса, құқықты болып саналады. Шешімдер дауыстың жай көпшілігімен ашық не болмаса құпия түрде қабылданады (делегаттардың өз бетінше).

11. Филиалдар не болмаса өкілеттіктердің Конференциясы:

  • партия комитеттерінің, Бақылау-ревизиялық комиссияларының есептемелерін қарайды, партия саясатын енгізу туралы міндеттерді ортаға салып талқылайды;

  • жалдамалы жұмысшылардың, жұмыссыздардың, зейнеткерлер мен студенттердің әлеуметтік жай-күйін талдайды, аталмыш мәселелер туралы жергілікті билік органдарына өтініштер мен жүгінулерді қабылдайды;

  • тисті мәслихаттар депутаттарына үміткерлерді ұсынады;

  • тиісті партия комитеттерін (обком, қалаком, ауданком) және Бақылау-ревизиялық комиссияларын төрт жыл мерзімге сайлайды.

12. Филиалдардың (обкомдар, қалакомдар) және өкілдіктердің (қалакомдар, ауданкомдар) партия комитеттері Конференциялар арасында өз жұмысын жүргізеді, партия мүшелерін есепке алуды іске асырады, партия Съездері, ОК пен оның Саясибюросы, Конференциялар, Пленумдер және партия комитеті бюросы шешімдерінің орындалуын бақылайды.

13. Партия комитеттері өз құрамын бастауыш партия ұйымдарының ұсынымы бойынша жаңа мүшелермен, алайда Конференция сайлаған құрамның 1/3 бөлігінен асырмай, толықтыруы ықтимал.

14. Партия комитеттерінің Пленумдері жарты жылда кемінде бір мәрте шақырылады. Пленумдер сайланған мүшелерінің кемінде жартысы оған қатысқанда құқықты. Шешімдер дауыстың жай көпшілігімен ашық не болмаса құпия түрде қабылданады (тиісті комитеттердің өз бетінше).

15. Пленум өз құрамынан төрт жыл мерзімге партия бюросы мен комитет хатшыларын сайлайды. Филиалдар және өкілдіктердің партия комитеттері бірінші хатшыларын ҚКХП Орталық Комитеті бекітеді де, соның сенімхаты бойынша айтылмыш хатшылар әрекет етеді.

16. Бюро Пленумдер арасында барлық ағымдағы жұмысты орындайды, айына кемінде бір мәрте отырыстар өткізеді, семинарлар, пікірталастар отырыстарын ұйымдастырады, жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды да, ол мәселелерді шешу шараларын қабылдауды іске асырады.

17. Бюро шешімдері оның отырысына Бюро құрамының көпшілігі қатысқан кезде дауыстың жай көпшілігімен қабылданады.

VI-ТАРАУ.

ҚАЗАҚСТАН КОММУНИСТІК ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ

БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

1. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жоғарғы органы төрт жылда кемінде бір мәрте Орталық Комитет шақыртатын Съезд болып табылады. Съезд шақыру туралы шешім Съезд отырысы күнінен 2 айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.

2. Партия Съезі жұмысына республикалық маңызы бар барлық облыстар мен қалалардан сайланған делегаттарының жартысынан астамы қатысқан кезде құқықты; ол дауыстың жай көпшілігімен ашық не болмаса құпия түрде қабылданады (делегаттардың өз бетінше).

3. Партияның кезектен тыс Съезі ОК шешімімен партияның әрекет етуші облыстық, қалалық, Астана, Алматы қалалары партұйымдарының жартысы талап еткенде шақырылады. Съезд шақыру туралы шешім съезд шақырылу күніне бір ай қалғанда қабылданады. Осыған ұқсас партияіші тіршілігі және партияның стратегиялық желісі мәселелері бойынша партияға ортақ референдум жүргізіледі. Кезектен тыс съезге делегаттар кезектен тыс облыстық және қалалық Астана, Алматы партия Конференцияларында сайланады не болмаса алдағы өткен Съезбен өкілеттіктері ұзартылған делегаттар қатысушы бола алады.

4. Партия Съезі:

  • ҚКХП Орталық Комитетінің және Орталық Бақылау-ревизиялық комиссиясы есептемесін тыңдайды;

  • Партияның стратегиялық бағыттарын белгілейді, саяси өтініштерін қабылдайды, мемлекеттік, саяси және қоғамдық құрылымдарға жолдамалар мен үндеулер қабылдайды;

  • Орталық Комитеті мен Орталық Бақылау – ревизиялық комиссиясы 4 жыл мерзіміне сайлайды. ОК құрамы филиалдардан тең өкілдік қағидасы бойынша сайланады, ал ОК мүшелері және ОБРК мүшелеріне кандидат саны Съезд шешімімен белгіленеді;

  • Партияның сайлау алды тұжырымнамасын бекітеді;

  • ҚКХП мүшелерін Қазақстан Республикасы Президенті кандидаттығына, Республика Парламенті Мәжілісі депутаттары кандидаттығына округтар бойынша және жалпы ұлттық округ бойынша партиялық тізіммен ұсынады;

  • Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін депутаттар кандидаттығының тізімін ұсынады;

  • Партиялық тізім бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын қайта шақырып алу не болмаса алмастыру туралы келесі жағдайларда шешім қабылдайды :

  • депутаттың ҚКХП мүшелерінен шығып қалғанда не болмаса ҚР азаматтығынан айрылғанда;

  • депутаттың жеке өтініші бойынша;

  • Палата шешімі бойынша Қазақстан Республикасы «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес депутатты міндеттерінен босатқанда.

  • Қазақстан Республикасы Парламенті ҚКХП фракциясының депутаттарын қайта шақырып алу, не болмаса алмастыру құқығын ерекше немесе төтенше жағлайларда ОК береді.

Депутатты қайта шақырып алу не болмаса алмастыру туралы шешім Съезд делегаттарының жұмысына қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Депутатты қайта шақырып алу не болмаса алмастыру туралы шешім қабылданғанын Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау Комиссиясын хабардар етеді. Осыған ұқсас ерекше не болмаса төтенше жағдайларда ОК шешімі қабылданады.

5. Съездің айрықша құзыретіне төмендегілер жатады:

  • партияның өз еркімен таратылуы не болмаса қайта құрылуы;

  • партияның Бағдарламасы және Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

  • партия филиалдары мен өкілдіктерінің құрылуы және таратылуы;

  • «ҚКХП орталық комитеті туралы» және ҚКХП Орталық Бақылау-ревизиялық комиссиясы, Қазақстан Республикасы Парламентінің ҚКХП депутаттық фракциясы және партия ардагерлер Кеңесі туралы Ережелерін бекіту;

  • «Филиалдар және өкілеттіктер туралы» Ережені бекіту;

  • партия мүшелерінің жарна сомасын, партияның ОртК, ОК, ҚК мен АК қаржылық есептемесінің тәртібі мен мерзімділігін белгілеу;

  • есептемелік тапсыру, өз ұйымдастырушы құрылымдарына бақылау органдары арқылы тексеру жүргізу, олардың нәтижелерін қарау және бекіту тәртібі мен мерзімділігі;

  • партия рәміздерін бекітужалауды, елтаңбаны, басқа да ерекше белгілерін;

  • басқа заңды тұлғаларды құру не болмаса әрекет етуінде шешім қабылдау.

  • екі мәртеден астам ОК хатшыларын не болмаса ОК хатшысын қайта сайлау туралы шешім қабылдайды.

6. ҚКХП Жарғысына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

7. Съезд аралығы мерзімінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Орталық Комитеті партияның барлық әрекетіне басшылық етеді, басқарушы кадрлар іріктеуін іске асырады, партияның алуан түрлі органдарын, мекемелерін және кәсіпорындарын құрады да, оларға басшылық етеді, партия баспасөз органдарының бас редакторларын бекітеді, партия бюджетінің қаражатын бекітіп, үлестіреді және оның орындалуын бақылайды, партия съезіне өкілдік нормасын бекітеді, басқа партиялармен өзара әрекеттестікте партияға өкілеттік етеді.

ОК ішкі қызметі, оның мүшелерінің өкілеттігі партия Съезі бекітетін «Орталық Комитет туралы» ережесімен реттеледі.

8. Орталық Комитетінің отырыстары – Пленумдер, жартыжылдықта кемінде бір мәрте шақырылады. ОК мүшелері кандидаттығына үміттенгендер ОК Пленумының отырыстарында кеңесші дауыс құқығымен қатысады. Пленумды шақыру туралы щешімді ОК Бюросы не болмаса оның бастамасымен ОК мүшелерінің 1/3 Пленум басталу күніне дейін екі ай бұрын қабылдайды.

Пленум ОК жартысынан астам мүшелерінің жұмысына қатысу кезінде құқықты.

9. Пленум шешімі дауыстың жай көпшілігімен ашық не болмаса құпия түрде ОК мүшелерінің өз бетінше қабылданады. Олар партияның барлық құрылымдарымен, құрамаларымен орындалуға міндетті.

10. ҚКХП ОК Пленумы:

  • партияның өмірі мен жұмысының ең маңызды міндеттерін, оның халық бұқарасымен байланыстарын қарастырады, өзінің саяси және әлеуметтік құқықтарына күресуде олардың белсенділігін жоғарылатуды көздеген шешімдер қабылдайды;

  • партия мүшелерін есепке алу, қаржылық және шаруашылық жұмысы, баспасөз органдарына басшылық ету мәселелері бойынша нормативтік құжаттар қабылдайды;

  • партиялық бюджет орындалуын бекітеді және бақылайды, партияның мүлкін, қозғалымсыздығын, көлік құралдарын, байланыс құралдарын, насихат және үгіт құралдарын есепке алады;

  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ҚКХП партиялық фракциясы басшысын бекітеді;

  • партиялық парламентінің фракциясы қызметін үйлестіреді, оның басшысының есептемесін жыл сайын тыңдайды.

11. ОК Пленумы өз құрамынан үш хатшы және саяси бюросын (мұнан әрі саясибюро) сайлайды, оның құрамына лауазымы аясында ОК барлық хатшылары енеді. ОК хатшысы лауазымына қатарынан екі мәртеден астам сайлануға тыйым салынады.

12. ОК хатшылары партияның мемлекеттік органдарда, саяси, қоғамдық және халықаралық ұйымдарда өкілі болып табылады, бүкіл партияның атынан келісілген мәлімдеме жасайды.

13. Хатшылық ОК өмірінің ағымдағы мәселелерін қарастырады, іс қағаздарын жүргізеді, Саясибюро қарауына құжаттарды әзірлейді, ОК аппаратын қалыптастырады, ОК, филиалдардың жұмыс органдарының өмірлік іс-әрекетінің қаржылық және материалдық мәселелерін қарастырады.

14. Хатшылықтың шешімдері толық ынтымақтықпен қабылданады. Хатшының әр қайсысы Саясибюро шешімінің жобалары бойынша ерекше пікірін білдіруге құқылы, олар бұл жағдайда ОК Пленумында қаралуға және бекітілуге жатады. Хатшылықтың шешімін Саясибюро бекітеді.

15. Саясибюро партияның маңызды саяси органы болып табылады, Пленумдер арасында партияға басшылық ету үшін сайланады, партия тіршілігінің кадрлық, саяси және ұйымдастырушылық мәселелерін шешеді, бас редакторлар ұсынысы бойынша партиялық баспа газеттер мен журналдарының редакцияларын бекітеді, ОК Пленумдерін шақырады, ОК Пленумының шешімінің қабылдануына дейін Саясибюро облыстық және қалалық (Астана және Алматы қ. ) партиялық комитеттердің бірінші хатшыларының сенімхаттарын кері қайтаруға, сондай-ақ партиялық комитеттердің барлық деңгейіндегі хатшылықтың және бюроның қызметін тоқтата алады. Саясибюро отырыстары айына кемінде бір мәрте жүргізіледі. Оның шешімдері мүшелерінің көпшілігі қатысуымен құқықты және Саясибюро мүшелері отырысына қатысушылар дауысының жай көпшілігімен ашық не болмаса құпия түрде қабылданады. Саясибюроның барлық шешімдері он күннен соң ОК хатшыларымен қолтаңбаланады және танысу үшін және практикалық жұмыста орындау үшін партияның барлық филиалдарына электрондық не болмаса қағаз нұсқада жіберіледі. Саясибюро жыл сайын өз жұмысы туралы ОК Пленумында есеп береді. Саясибюроның кезектен тыс отырыстары оның мүшелері жартысының не болмаса хатшылықтың талабы бойынша өткізіледі.

16. Орталық Комитет ОК мүшелерінің санын толықтыру құқығына ие, алайда бастапқы санның үштен бір бөлігін ғана.

VII-ТАРАУ.

ПАРТИЯНЫҢ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ

1. Партияның бақылау органдары:

  • ҚКХП Съезімен сайланатын орталық Бақылау-ревизиялық комиссиясы (ОБРК);

  • басқарушы органдарымен бірге партиялық Конференцияларда партияның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын облыстық, қалалық және аудандық Бақылау-ревизиялық комиссияларыбБРК, ҚБРК, АБРК);

  • бастауыш партиялық ұйымдардың Бақылау-ревизиялық комиссиялары жалпы жиналыспен сайланатын болып табылады.

2. Өздерін сайлаған жоғарғы органдарға Бақылау-ревизиялық комиссиялар есепті, атап айтсақ: партия Съезіне, филиалдар мен өкілдіктер Конференцияларына, бастапқы партиялық ұйымдардың жиналыстарына.

3. Бақылау-ревизиялық комиссиялар отырыстары, әдетте, тиісті партиялық комитеттері Пленумдерімен бірігіп, өткізіледі.

4. Орталық Бақылау-ревизиялық комиссиялар мүшелерінің саны партия Съезімен белгіленеді; облыстық, қалалық, аудандық және бастауыш Бақылау-ревизиялық комиссиялар мүшелерінің саны тиісті Конференциялармен және (немесе) жалпы жиналыстармен белгіленеді.

5. Бақылау-ревизиялық комиссиялар:

  • Партияның Жарғысы мен Бағдарламасы, партиялық Съез бен Конференциялар талаптарының орындалуын іске асырады;

  • партия ұйымдарының беделі мен дербестігі артуына себеп болады, коммунистердің жарғылық құқықтарын қорғайды, тиісті партия органдары мен ұйымдарының партия қатарынан шығару және партиялық жазаға тарту туралы шешімдеріне шағымдарын қарастырады;

  • жыл сайын партия бұқара халқының саяси еркін жүзеге асыру туралы, Бағдарлама мен Жарғыны орындағаны туралы, коммунистердің шағымдары мен өтініштері туралы «Талдамалық баяндама» әзірлейді. Баяндама Ок және ОБРК біріккен отырысында қарастырылады;

  • партия ұйымдары шығындарының сметасы орындалуын бақылайды, партия ұйымдары мен олардың мекемелерінің қаржылық-шаруашылық қызметін тексереді.

6. Бақылау-ревизиялық комиссиялар мүшелері:

  • тиісті бюро жұмысына қатысуға;

  • өз қызметтік әрекетінде партияның барлық құжаттарын қолдануға құқылы.

7. Өз қызметтеріне қатысты мәселелер бойынша Бақылау-ревизиялық комиссиялар қаулылар қабылдайды, ал тексерістер қорытындысы бойынша акт құрастырады және олар жөнінде тексерілетін ұйымдар мен мекемелердің партия комитеттері мен басшыларын мәлімдейді, соңғылары бір ай мерзім ішінде комиссияны айқындалған жетіспеушіліктерді жою бойынша қабылдаған шаралары туралы хабардар етуге міндетті.

8. Бақылау-ревизиялық комиссиялар отырыстары, егер олардың жұмысына сайланған мүшелердің жартысынан астам саны қатысса құқылы. Шешімдер дауыстың жай көпшілігімен ашық түрде қабылданады.

9. Бақылау-ревизиялық комиссиялары өз отырыстарын қажеттілік бойынша өткізеді, бірақ алты айда кемінде бір мәрте, сондай-ақ Бақылау-ревизиялық комиссия мүшелерінің үштен бір бөлігінің талабы немесе Орталық Бақылау-ревизиялық комиссиясының нұсқауы бойынша өткізеді.

10. Өз отырыстарында ОБРК, ОбБРК, ҚБРК және АБРК төрағалары мен олардың орынбасарын сайлайды, негізгі комиссияларды, олардың өкілеттіліктерін және жұмысының ұйымдастырушылық қағидаларын белгілейді.

11. Бақылау-ревизиялық комиссиялар мүшелері Пленум жұмысына кеңес дауыспен қатысады, ал төрағасы мен оның орынбасары отырыстарда және атқарушы органдарда аталмыш органдар қабылдаған шешімдермен танысады.

12. Барлық деңгейдегі Бақылау-ревизиялық комиссияларды ұстауға қаражаттар осы комиссиялар мен тиісті партия комитеттерінің біріккен отырыстарында белгіленеді.

13. Партия комитеттері мен Бақылау-ревизиялық комиссиялар арасындағы келіспеушіліктер он күн мерзімінде бара-барлық негізде құрылатын келістіруші комиссиялармен, «Партия ардагерлер кеңесі» өкілдерін шақыра келе, сондай-ақ біріккен отырыстарда шешіледі. Егер даулы мәселе шешілмеген жағдайда, оны қарастыру жоғары тұрған органға немесе партия жиналысына, Конференциясына, Съезіне тапсырылады.

14. Орталық Бақылау-ревизиялық комиссиясының ішкі жұмысы, оның мүшелерінің өкілеттіктері партия Съезі бекіткен «Орталық Бақылау-ревизиялық комиссиясы туралы» ережесімен реттеледі.

VIII-ТАРАУ.

ҚКХП АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ МҮЛКІНІҢ

ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУ ҚАЙНАР КӨЗІ.

ПАРТИЯНЫҢ МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

1. Мөлшері партия Съезімен бекітілген ҚКХП қаражаты мүшелікке кіру және мүшелік жарналарынан; азаматтардың және республиканың мемлекеттік емес ұйымдарының Заңмен рұқсат етілген қайырмалдығынан; кәсіпкерлік қызметінен түскен табыстардан қалыптасады.

2. ҚКХП, оның филиалдары өздерінің басқару органдары арқылы мемлекеттік есептілікті салық және мемлекеттік биліктің басқа да органдарына тапсырылуын ұйымдастырады да, заңнамамен бекітілген тәртіпте есептілік уақытылы тапсырылуы және оның дұрыстығы үшін жауапты болады.

3. ҚКХП заңды тұлға болып табылады, банк мекемелерінде есеп айырысу шоты және басқа да шоттар, мөр, мөртабан және фирмалық іспарақтарға ие.

4. ҚКХП филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлға болып танылмайды және өз жарғылық әрекеттерін іске асыру үшін оларға партияның ақшалай қаражаты мен мүлкі оперативтік басқару үшін үлестіріледі. ҚКХП ОК келісімі бойынша филиалдар мен өкілдіктер банк мекемелерінде ағымдағы шоттар ашуы, мөр, мөртабан және фирмалық іспарақтар иеленуі мүмкін. Филиалдар мен өкілдіктер мүлкі жеке теңгерімде ескеріледі де, партияның жалпы теңгеріміне кіреді.

5. ҚКХП филиалдары мен өкілдіктері Заңмен белгіленген тәртіпте қаржылық есептілік жүргізеді, партия ұйымдарының жарғылық әрекетінен түскен барлық ақшалай қаражаттарың келіп түсуі мен есепке алынуын қамтамасыз етеді. Айтылмыш қаражаттың үлестірілу тәртібі партияның ОК Пленумымен бекітіледі.

6. ҚКХП мүшелері партия мүлкіне құқықтары жоқ және партия міндеттемелеріне жауапты емес, өз кезегінде партия өз мүшелерінің міндеттемелеріне жауапты емес болып табылады.

IX-ТАРАУ.

ПАРТИЯНЫ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ

1. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қызметі келесі жағдайларда тоқтатылуы ықтимал:

  • партия Съезінің шешімі бойынша;

  • ҚКХП барлық филиалдарының кемінде жартысының мүддесіне өкіл болған партия мүшелерінің кемінде елу бір пайызының ұсынысы бойынша. Айтылмыш ұсыныс жазбаша түрде ресімделеді де, партия Съезімен бекітіледі;

  • сот шешімі бойынша.

2. Партияның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде оның Съезіне ҚКХП барлық филиалдарына өкіл болатын сайланған депутаттардың кемінде үштен екі бөлігі қатысуы қажет. Егер бұл шешімге Съезге қатысқан, партия филиалдарының кемінде жартысына өкіл болатын делегаттардың үштен екі бөлігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп саналады.

3. Партияның қалған мүлкін үлестіру ҚКХП Съезінің шешімі бойынша осы Жарғымен көзделген мақсаттарға жұмсалуы іске асырылады. Ол үшін Съезд тарату комиссиясын құрады.

4 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қайта ұйымдастырылуы (бірігу, қосылу, бөліну, түбегейлі өзгеру) партия Съезі шешімімен, яғни ол үшін Съезге қатысқан кемінде үштен екі делегаттар дауыс берсе жүргізілуі ықтимал.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Page Right Widget

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Proin semper ultrices tortor quis sodales. Proin scelerisque porttitor tellus, vel dignissim tortor varius quis. Proin diam eros, lobortis sit amet viverra id, eleifend ut tellus. Vivamus sed lacus augue.