Home » Ақмола облыстық комитеті, Партия тынысы » Владислав Косаревтің Еңбекшілдер ауданындағы жұмыс сапары

Владислав Косаревтің Еңбекшілдер ауданындағы жұмыс сапары

2017 жылдың 15 тамызында Ақмола облысының сайлаушыларымен кездесу аясында депутат Владислав Косарев Еңбекшілдер ауданында болды. Аудан орталығы Степногорск қаласында өткен кездесуде халық қалаулысы аудан әкімі А.М. Киіковтан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат алды.

Депутат аудан аппаратының жетекшісі Р.Нұрғалиевпен Мамай ауылында болып, «Kazbeef LTD» ЖШС ауыл шаруашылық компаниясының қызметкерлерімен кездесті.

Кейін В.Косарев Макинка ауылына ат басын тіреді. Ауыл мектебінде сайлаушылармен кездесу өтті. Макинка ауылдық округының әкімі А.Р. Шәріпованың айтуынша, соңғы рет депутат ауылды мекенде 6-7 жыл бұрын болған. Депутат өзінің Парламенттің заң шығарушылық және өзге де қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасынан кейін ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен шағымдарын тыңдады. Жиналғандар шөп пен қоспа жем бағасының қымбаттығы, ауылдық медпунктің жабдықталуына қатысты мәселе көтерді. Ауыл тұрғындары анализ тапсыру үшін аудан орталығына баруға мәжбүр. Депутат бұл мәселеге көмек көрсетуге уәде беріп, ауыл округының әкіміне қажетті құрал-жабдық пен техниканың тізімін құруды тапсырды.

Кездесу барысында «Ер-Ас» ЖШС жетекшісі Манарбек Қазыбаев Аграрлық несие корпорациясы мен несие серіктестіктерінің қызметіне қатысты шағымын айтты. Ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін несие алу өте күрделі.  Ол бұл жүйені ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажеттіліктерін ескере отырып жетілдіруді, сонымен қатар елімізде ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер өндірісін реттеуді ұсынды.

Халық қалаулысы В.Косаревтің жұмыс сапары жалғасуда. 16 тамызда Үлгі және Донской ауылдық округтары тұрғындарымен кездесу жоспарланған.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика