Home » Ақмола облыстық комитеті, Партия тынысы » Заман хроникасы

Заман хроникасы

Ақмола облыстық тарихи-өлкелік музейінде «Заман хроникасы» тақырыбында  көрме ашылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрме КСРО дәуірінің тарихын толығымен қамти алмайды, тек жекелеген тарихи оқиғаларды көрсетуге, сол кезеңнің келбетін жеткізуге бағытталған. «Біз кеңес дәуірі заманында өмір сүрдік, оқыдық және қызмет жасадық. Бізге елдің барлық тарихи кезеңдері таныс. Бірақ басқа заман келді, экономикалық және саяси формация өзгерді. Бұл көрме елдің дамуын, оның бастауын көруге мүмкіндік береді. Оның түп тамыры Ұлы Қазан революциясында жатқандығын баяндайды,- деді өз сөзінде қалалық Ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Х.Газизов.

22042099_1444489215664559_5668925818559607842_o

Көрменің ашылуына Ақмола облыстық комитетінің өкілдері қатысты. «Сөзсіз, көрмені ұйымдастырушылар үлкен жұмыс атқарған, көп жылдар бойы сақталған экспонаттарды ортаға шығару арқылы сол заманмен етене танысуға болады»,- деп атап өтті ҚКХП Ақмола ОК бірінші хатшысы Б.Мәжитов.

Сонымен қатар бірінші хатшы халықаралық пролетариат көсемінің Қазан революциясының ұйымдастырылуындағы рөліне ерекше тоқталып кетті. Революцияның нәтижесінде Қазақстан аумақтық тұтастыққа және егемендікке қол жеткізді. Бірақ қазіргі таңда биліктің барлық тармақтарында бұл туралы айтылмайды. Дегенмен халық коммунистері Қазан революциясының 100 жылдығы қарсаңында бұл туралы белсенді түрде насихат жүргізіп келеді. Сөз соңында Б.Мәжитов көрменің ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, ҚКХП-ның «Революция 1917г. и Казахстан: опыт теории и практики» атты кітабын сыйға тартты.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика